ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЕТІСТІКТЕРІ: ТАБЫС ДЕҢГЕЙІ ӨСТІ

Қазақстан тәуелсіздік жылдары әлеуметтік-экономикалық дамуда айтарлықтай прогреске қол жеткізіп, табысы орташадан жоғары деңгейдегі елдер тобына кірді. Мұндай орнықты өсу кедейлік деңгейін едәуір төмендетуге, тұрғындардың біршама бөлігін анағұрлым нәтижелі жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге, адамдардың әл-ауқатын жақсартуға, еңбек өнімділігінің артуына және жұмыссыздар мен нәтижесіз еңбекпен айналысатын адамдардың, әсіресе, ауылдық жерлердегі санын азайтуға мүмкіндік берді.

Осы проблемаларды шешу үшін «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының шеңберінде 2011
жылдан бері жұмыссыз, өзін-өзі жұмыспен қамтыған және табысы аз тұрғындарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің пәрменді шараларына тарту жөніндегі шаралар белсенді түрде іске асырылды. ЖЖК 2020 бағдарламасы Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Үкіметтің іс-қимыл жоспарының («2009 және 2010 жылдардағы жол карталарының» кадрларды жұмыспен қамту және қайта даярлау стратегиясы) қисынды жалғасы болды әрі дағдарысқа қарсы ден қою
тетіктерін қамтыды.
Еңбек нарығын дамыту және халықтың тұрмыс деңгейін арттыру бойынша қосымша шаралар қабылдау мақсатында Мемлекет басшысы 2016 жылғы 9 қыркүйекте Үкімет алдына жаппай кәсіпкерлікті ынталандыру және жұмыспен қамту жөнінде міндет қойды.
Жұмыспен қамту және еңбекақы төлеу, адами капиталдың сапасын арттыру саясатын жаңғырту, кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау, әлеуметтік қолдаудың атаулы болуын қамтамасыз ету «Қазақстан – 2050» Стратегиясына және
Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдамаға сәйкес даму басымдықтары ретінде айқындалды. Бүгінгі таңда осы бағдарлама арқылы мыңдаған адам еңбекпен қамтылып, ел дамуына өз үлесін қосуда.