ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЕТІСТІКТЕРІ: ЖАҢАШЫЛДЫҚҚА ҚҰШТАР ҚОҒАМ ҚАЛЫПТАСТЫ
Қазақстан Республикасы осынау азды-көпті отыз жыл уақыт ішінде өз тәуелсіздігін табысты сақтап келеді және уақыт сын-тегеуріндеріне тиімді жауап беруді де үйреніп келеді. Қазақстандықтар мыңжылдықтар тоғысындағы өтпелі кезеңнің барлық қиындықтарымен сенімді күресе білді. Бұған барлық азаматтар, ортақ құндылықтар жүйесі ықпал етті. Қазақстандық қоғам бастан кешірген оқиғалар қазақстандық қоғамның негіз қалаушы құндылық бағдарларының маңыздылығын нығайта түсті. Барлық уақытта, кез-келген әлеуметтік-экономикалық жағдайда адами құндылықтар басым болып қала берді: әдеп, тәрбие, әділеттілік. Мұны әлеуметтік зерттеулердің нәтижелері де растайды.
2019 жылғы мамыр айында ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты қазақстандықтар үшін қандай өмірлік құндылықтар маңызды екенін анықтап, сауалнама жүргізді. Осылайша, респонденттер үшін адамгершілік кемелділік пен мінез-құлықтың әдептілігін көрсететін өмірлік құндылықтар аса маңызды екенін көре аламыз: тәрбиелілік (95,8%) және адалдық/әділдік (94,5%).
Жүргізілген сауалнама нәтижелері қазақстандықтар үшін жеке тәуелсіздік (өз бетінше әрекет ету қабілеті) – 91,3%, басқа адамдардың көзқарастарына, пікірлері мен мінез – құлқына төзімділік – 89,4%, сондай-ақ еңбексүйгіштік — 89,0% маңызды екенін көрсетті. Бұл өмірлік құндылықтар бостандыққа деген ұмтылыспен, жаңаға ашықтықпен және төзімділікпен сипатталатын ұлттық рухты көрсетеді.
Кез-келген тәуелсіз мемлекет үшін өз жетістіктерін сақтап қана қоймай, дамуда жетістікке жету маңызды. Қазақстанда Тәуелсіздік жылдары экономикалық жол өзгерді. Ал, қазіргі жаһанданудың әсерінен қоғамдық сананың жаңғыруы жүріп жатыр.