ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЫЛДАРЫ ДЕНСАУЛЫҚ САЛАСЫНЫҢ ҚУАТТЫ ӘЛЕУЕТІ ҚҰРЫЛДЫ
Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан денсаулық сақтау жүйесінің қуатты әлеуетін құрды. Денсаулық сақтауды дамытудың бірнеше бағдарламасы іске асырылды. Біз заманауи ғылыми медициналық орталықтарға, Қазақстанда енгізілген бірегей жаңа технологияларға ие болдық. Кардиохирургия дүниеге келді, органдарды трансплантациялау біз үшін үйреншікті жағдайға айналды. Бұрын біздің азаматтарымыз шетелде ем алған қазіргі заманғы бірегей технологиялар қазір Қазақстанда көп. «Болашақ» бағдарламасының арқасында медицина қызметкерлерінің де деңгейі артты.
«Біздің көптеген әріптестеріміз әлемнің үздік институттары мен жоғары оқу орындарында білім алды, қазір біздің бірегей медициналық мекемелерімізді ұсынып, азаматтарды емдеуге көмектеседі. Осы жылдар ішінде біз денсаулық сақтау жүйесінің әлеуетін құрдық, көлік медицинасын, телемедицинаны дамыттық. Денсаулық сақтауды ақпараттандыру қазір медициналық паспорттар мен барлық ақпарат цифрландырылған деңгейге жетті, — деп атап өтті министр.
Қазақстандық медицина саласын Батыстық медицина деңгейіне қол жеткізуге талпынуда. Елімізде медицина ғылымының бізге көп нәрсені шешуге мүмкіндік берді. Кардиология, тірек-қимыл жүйесін емдеу және басқа да бағыттар бойынша. Соның арқасында қазақстандықтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 10 жыл ішінде 64 жастан 72,3 жасқа дейін өсті. Бұл-ең маңызды жетістік», — деді Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев мемлекеттік сыйлықты тапсыру рәсімінде. Әл-Фараби атындағы Мемлекеттік сыйлық эндопротездеуді қолдана отырып, жамбас буыны хирургиясында инновациялық технологияларды әзірлегені және енгізгені үшін профессор Нұрлан Батпенов бастаған «Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты» РМК ғалымдарына табысталды.