ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЫЛНАМАСЫ: МЕМЛЕКЕТТІК МЕНШІКТЕН ЖЕКЕГЕ

Қазақстан қиындықпен, жан күйзелісі мен сілкіністері арқылы ескі өмірдің ескі құндылықтарын қирата отырып, мемлекеттік меншіктен жекеге, әкімшілік-әміршілік экономикасынан байсалды да ұтымды жоспарлау мен менеджментке, нарыққа көшті. Мұның бәрі тек ғылыми мақалалар мен кітаптарда ғана түсінікті әрі оп-оңай бола қлатын секілді. Ал өмірде — бұл буырқанған теңіз толқуы менторығу сезімдерінің, әртүрлі топтар мен тіпті ұрпақтар мүддесінің шарпысуы.

Өкінішке орай, бүгінгі буынның көпшілігі қол жетекізген табыстардың қандай алып күш-жігермен, қандай ауыр күйзелістермен, қандай еңбекпен келгеніне ой жүгірте бермейді.

Қазір Қазақстан дағдарыстан шығудың жарқын мысалы болып табылады. Сарапшылардың пайымдауынша, экономикалық реформалардағы Қазақстанның көшбасшылығы ТМД елдері арасында өтпелі кезеңнің саяси-экономикалық үлесін айрықша сәтті таңдап алуында деп санайды, олар — күшті президенттік билік және шапшаң да жігерлі реформалар.

Дәл осы формула тәуелсіз мемлекетімізді құру мен нығайтуға, экономика мен саяси өмірдегі реформалардың нақты да дәйекті жүргізілуіне ықпал етті. Ендігі жерде істің бәрін, негізінен, азаматтың өзі шешеді. Бүгінде экономиканың жеке меншік секторытұтастай алғанда республиканың өндірістік әлеуетінің 90 пайызынан астамына билік етеді. Шағын және орта бизнес өклдері қалыптасты, бейімделді, қанатын кеңге жаюда.