ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ТАРТУ: «1-М-1» ҚОСАЛҚЫ ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛДЫ
Шымкент қаласындағы «Асар-2» шағын ауданының тұрғындары сапалы электр қуатына қол жеткізді. Шағын аудандағы 2 765 абонент бұған дейін жекеменшік трансформатор қызметін пайдаланып келген болатын.
Шағын ауданға сапалы электр қуатының берілуі, ауқымды жоба — «1-М-1» қосалқы электр станциясының пайдалануға берілу нәтижесінде мүмкін болды.
Қаланың энергетика саласындағы маңызды кешеннің іске қосылуына Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қатысты.
«Қаланы сапалы электр қуатымен қамту саласында ауқымды жұмыстар қолға алынды. Электр сапасы төмен 16 елді мекенде электр желілерін жаңарту жұмыстары жалғасуда. 7 елді мекендегі құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады. Нәтижесінде 21 мыңнан астам адам тұтынатын электр қуатының сапасы артады, Жылдар бойы қордаланған мәселенің оңтайлы шешімі үшін уақыт керек.
Энергетика мамандары барын салып еңбек етуде. Олардың жұмысына түсіністікпен қарап, қолдау көрсетуге шақырамын — деді шаһар басшысы.
«Асар-2» шағын ауданының ішкі орамдық көшелеріне 87 шақырымнан асатын электр желілері тартылып, 24 жинақты трансформатор қосалқы станциялары орнатылды.
Жаңадан іске қосылған станциядан қуат алуы жоспарланған «Солтүстік саяжай», «Қайнарбұлақ», «Достық» шағын аудандары, ішкі орамдық жүйелерінің құрылысы аяқталғанда кезең-кезеңімен қосылатын болады.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызмет