ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ТАРТУ: ӘЛИХАН БӘЙМЕНОВТЫҢ ЖҮЛДЕСІНЕ АРНАЛҒАН ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ ТУРНИРІ ӨТТІ
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Дүниежүзілік және республикалық тоғызқұмалақ Федерациясының президенті – Әлихан Байменовтың жүлдесіне арналған жасөспірімдер арасындағы республикалық турнир өз мәресіне жетті. Зияткерлер сайысы 26-29 қараша аралығында Қарағанды облысының Жезқазған қаласында Қазақстан Республикасы «Ұлытау» спорткешенінде өтті. Ауқымды шараны ұйымдастырушылар — ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, ҚРТоғызқұмалақ спорты Федерациясы және Қарағанды облысы Жезқазған каласының әкімдіктері.
Республикалық додаға Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды, Павлодар облыстары және Қарағанды облысының аудандарынан жалпы саны 85 спортшы қатысты.
— Әлихан Мұхамедияұлының ұлттық ойынның дамуына сіңірген еңбегі зор. Тәуелсіздік алған жылдардан бастап тоғызқұмалақтың қарқынды дамып, әлем елдеріне танылуына үлкен ықпал етті. Егемендіктің 30 жылдығында елге еңбегі сіңген осындай тұлғаларды елеп-ескеру, құрметтеу баршамыздың парызымыз. Зияткерлік ойын бәсекесінің толықтай әділ және тартысты өтуі біздің назарымызда. Осындай мықты ойыншыларымыз барда тоғызқұмалақтың өсіп-өркендей түсетініне кәміл сенемін, — дейді жарыстың бас төрешісі, жоғары дәрежелі ұлттық төреші Ербол Нұрханов.
Турнир нәтижесінде 2007 және одан төмен жылғы спортшылар арасында:
(Жекелей есепте ұлдар арасында:)
1-орын: Есентай Арсен (ҰАТСО, Алматы облысы);
2-орын: Сапар Тамерлан (Павлодар облысы);
3-орын: Ахметов Надир (Павлодар облысы);
Жекелей есепте қыздар арасында:
1-орын: Тұрлығазы Динара (Павлодар облысы);
2-орын: Жанат Дильназ (Павлодар облысы);
3-орын: Исенова Алина (Павлодар облысы);
Командалық есепте:
1-орын — Павлодар облысы; 2-орын — Алматы облысы; 3-орын — Қарағанды облысы.
2005-2006 жылғы спортшылар арасында:
(Жекелей есепте ұлдар арасында:)
1-орын: Тлеухан Ринат (Алматы облысы);
2-орын: Тлегенов Алмас (ҰАТСО, Ақтөбе облысы);
3-орын: Агитаев Салахаддин (Павлодар облысы).
Жекелей есепте қыздар арасында:
1-орын: Сарсенова Мирсана (Ақтөбе облысы);
2-орын: Болатханова Айдана (Павлодар облысы);
3-орын: Сами Мерей (Павлодар облысы).
Командалық есепте:
1-орын — Павлодар облысы; 2-орын — Жезқазған қаласы; 3-орын — Ақтөбе облысы.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!
АЯУЛЫМ ТАСТАНБЕК.