ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ТАРТУ: «АЛТЫН КҮЗ-2021» АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІНІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге арналған «ЖҰЛДЫЗДЫ 30 КҮН» мерекелік іс-шаралар негізінде «Алтын күз-2021» ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті.
Күзгі табиғат өзгерістерін бақылап, күз байлығын, әсемдікті, сұлулықты сезіне білуге шақыру. Сонымен қатар жастарды еңбекқорлыққа баулуды мақсат еткен шара өте жоғары деңгейде өтті. «Авимед көпсалалы» колледжі дала еңбеккерлерінің еңбегін бағалап өз ризашылықтарын «Алтын күз-2021» жәрмеңкесі арқылы көрсетті. Күзгі бақтан үзілген ,жинап алған жеміс жидек пен дәнді дақылдардан жасалған бәліштер, бауырсақтар, нан, самса, пирог, сөк, майсөк, алма шырыны көптеген тағам түрлерін күнделікті бағадан төмен бағада шығарды.
Жиналған қаражатты қайрымдылық мақсатында жұмсалады. «Өзгені де ойлаған ,Адамдықтың белгісі» демекші колледж жастарын мейірімділікке тәрбиелеу, адамгершілікке, қамқорлыққа шақыру мақсатында Көп балалы және аз қамтылған жанұяға бірге барып ,үй шаруашылығына көмектесіп жақсы тілек лебіздерін білдіріп қайту жолға қойылды. Имандылық – адамның қоғамдағы, күнделікті өмірдегі іс-әрекеттерін белгілі-бір қалыпқа түсіретін ішкі рухани реттеуіш қадір-қасиет, адам бойындағы адамгершілік , ізгілік, кісілік белгісі екенін түсіндіру.
Айта кетсек «Алтын Күз-2021» мерекесінен жиналған қаражат Тассай елді мекенінде тұратын көп балалы жағдайы төмен отбасына азық түлік алынып тапсырылады.