ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ТАРТУ: БИ АНСАМБЛІ «ДАНА ДАНАЛЫҒЫ» ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІН ҰСЫНДЫ

Шымкент қалалық мәдениет үйі жанынан құрылған «Қазына» би ансамблі Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай “Дала даналығы” атты жеке шығармашылық кешін тарту етті. Шымкенттің мақтанышына айналған би ансамблі бүгінде өрісін кеңге жайғаны анық. Талай байқаулар жеңімпазы, би өнерін бағындырған осынау Қазына би ансамбліне талай биіктерді бағындырып жүр.

Кеш барысында қазақ ұлттық биіне басымдық беріліп, дәстүрлі би өнерінің әр түрлі қимыз-қозғалыстары қайта жаңғырды. Би арқылы ұлттық киімдеріміздің әсемдігі де көрсетілді. Сахналық өнер тек би арқылы ғана емес, қойылым арқылы жеткізілуімен де ерекшеленді. Әр биді жеткізуде тарихшылар, этнографтармен жұмыс істеп, іздендік, жақсылап пісіріп барып халыққа ұсындық. Халқымыздың ұмыт болған би қимылдарын, киім үлгілерін қайта жаңғыртуға барымызды салдық дейді, — би ұжымы.