ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ТАРТУ: ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА АЛАШ АРЫСТАРЫНА АРНАЛҒАН ЕСКЕРТКІШ АШЫЛДЫ

Қазығұрт ауданы Сарапхана ауылындағы «Мәңгілік ел» кешенінде Тәуелсіздіктің 30 жылдық құрметіне Алаш арыстарына арналған ескерткіш ашылды.

Тағылымы мол ескерткіштің ашылу салтанатына елімізге танымал мемлекет, қоғам қайраткерлері қатысты.

Рухани шараға жиналған қонақтар бұл күні «Анаға тағзым», Қажымұхан Мұңайтпасовтың 150 жылдығына арналған ескерткіштің де лентасын қиды.

Игілікті шараның ұйытқысы болған белгілі меценат Бекет Тұрғараев екенін айта кеткен жөн.