ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ТАРТУ: КЕЛЕС АУДАНЫНДА ЖАҢА МЕШІТ АШЫЛДЫ

Бүгін Келес ауданында заманауи үлгімен салынған жаңа мешіттің құрылысы аяқталып, әсем мешіт халық игілігіне берілді. Сатыбалды Иманбердіұлы атындағы имандылық үйінің ашылуына еліміздің бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы, Түркістан облысының бас имамы Еркебұлан Қарақұлов, Келес ауданының бас имамы Айдарәлі Садықов, ауданға белгілі ақсақалдар және мешітті салуға мұрындық болған Сатыбалды әулеті қатысты.

Тәуелсіздік алған жылдар ішінде өңірімізде дін саласында да үлкен жұмыстар атқарылды. Жаңадан мешіттер тұрғызылып, Ислам дінін оқыта-тын мамандар даярланды. Бұл жұмыстар әлі де өз жалғасын табуда.

Салтанатты түрде ашылған 2000 орындық Сатыбалды Иманбердіұлы атындағы аудандық мешітте алдымен әруақтарға құран бағышталып, ақсақалдар батасын берді. Өткен жылы құрылысы басталған нысанның жалпы аумағы 1 гектардан асады. Ал мешіт ғимаратының аумағы 1 451 шаршы метрді құрайды.

Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметі