ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ТАРТУ: «ШЫМКЕНТТЕН ШЫҚҚАН ШАЙЫРЛАРМЕН» КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Шымкент қаласы Абай ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «ЖҰЛДЫЗДЫ 30 КҮН» мерекелік іс-шаралар жоспары аясында «Шымкенттен шыққан шайырлар» атты Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Сүндет Сейітов «Индустриялды техникалық колледжінің» студент жастарымен кездесті. Кездесудің мақсаты — жастармен әдеби орта қалыптастырып, парасаттылық пен отансүйгіштік қасиеттерді бойына дарыту.

Сондай-ақ кездесу қонақтары Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын — Арайлым Мураталиева және Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын — Ақбота Бейбітбек қатысты.

Сырлы сұхбатқа толы болған әсерлі кеште жастар ақын өмірі мен шығармашылығымен, адами болмысы мен рухани әлемімен жақын таныса алды. Өлең десе ішкен асын жерге қоятын жастар ақынның жүрегін жарып шыққан жырларын тыңдап, ақын өлеңдерімен рухани сусындап қайтты. Кеш соңына дейін тапжылмай отырғандығынан-ақ жас тыңдармандардың қара өлеңге деген махаббатын аңғаруға болады. Көпшілікті әсіресе, бұл кездесуге асқан дайындықпен келген, ұйымдастырушылақ қабілетін жоғары деңгейде көрсеткен.