ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ТАРТУ: «ЖҮРЕКТЕН — ЖҮРЕККЕ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Шымкент қаласының гипербариялық оттектеу орталығының бас дәрігері Мадина Ермағанбетова әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар мен балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арнап «Жүректен-жүрекке» қайырымдылық акциясын өткізді.

Мерекелік дастарханға үй жағдайында білім алатын мүмкіндігі шектеулі балалармен қоса, ата-аналар да қонақ болды. Сондай-ақ, медицина қызметкерлері жеткіншектерге мерекелік дастархан жайып, ата-аналарына азық-түлік себеттерін таратты.

-Балаларымызға қамқорлық көрсетіп, олардың бойына мейірімділік, қайырымдылық ұғымдарын қалыптастырғымыз келді. Жеткіншектерді кішіпейілділікке, бауырмалдыққа баулуға үлес қосуды мақсат тұттық,- дейді Мадина Ермағанбетова.

Жалпы қайырымдылық шарасына 100-ге жуық бала қатысты. Олардың барлығына түрлі сыйлықтар тарту етілді. Кеш барысында балалар театр қойылымдарын тамашалап, би билеп, ән айтты.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы