ТӘУЕЛСІЗДІКТІ ТҰҒЫРЛЫ ЕТКЕН ТҰЛҒА
Ел тәуелсіздігін алғаш алған жылдары еңсіреп, есін жиюға едәуір уақыттың кеткені белгілі. Халықты мең-зең күйден алып шығып, бағыт сілтейтін көшбасшылар мұндай кезде ауадай қажет екені даусыз. Республиканың түкпір-түкпірінен мұндай мен деген тұлғалар шығып та жатты, шүкір. Қиын-қыстау кездері халқының әлеуметтік жағдайын ғана емес, руханиятта да тоқ болуын ойлаған осындай азаматтар Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында тілге тиек етілмеуі үлкен қателік болар еді.
Кейіпкеріміз — азаматтық тұлғасы бір бөлек, Оңтүстік пен Солтүстік Қазақстан облыстарының сотын абыроймен басқарып, заң алдында мамандық міндеті мен ар алдындағы адамдық борышын қатар ұстап, жетпіс жасқа толып отырған, елдің сүйіспеншілігіне бөленген ерен ер, заң ғылымдарының докторы, ҚР Еңбек сіңірген заңгері, ҚР Құрметті судьясы, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері Бекет Тұрғараұлы.
Бекет Тұрғараев 1947 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданы, Талдыбұлақ ауылында дүниеге келген. Ол елге, жерге, ұлтқа деген игілікті ісін өзінің туған ауылы Талдыбұлаққа жаңа мектеп ғимаратын салып беруден бастады. Ішін компьютермен жабдықта , кітапханасын байытты. Қазығұрт ауданы мен облыстың энциклопедиясын өзінің қаржысымен жарыққа шығарды. Саналы ғұмырын еліміздің заң саласы мен руханиятын дамытуға арнаған мың-сан ісінің бірін ғана айтсақ, Қазығұрт ауданы Шарапхана ауылынан Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне тағзым белгісі іспетті майданда қаза тапқан жауынгерлердің аты жазылған «Бабалар рухына тағзым» атты алып кешен мен Ұлы бабасы «Түгейболат» бабаға арналған 21 шаршы метрлік ескерткіш монумент тұрғызды. Осы іспетті басқа да еңбектері еленіп, «Қазығұрт ауданының құрметті азаматы» атанды.
Қандай қызметтің болмасын күрмеуін табатын Бекет Тұрғараұлы ұлттық сананы үнемі жоғары қоятын. Ақжарқын мінезінде өзіндік өр, ал ісінде тереңдік бар. Қандай іске болсын осалдық танытпайтын ол, үнемі алға ұмтылып, еліне, халқына адал қызмет ете білді. Осы іскерлігімен көпшіліктің ілтипатына бөлінді де. Алайда Бекет аға қызметті де, атақты да іздеген емес.
Ұлтжанды, еңбекқор жанға абырой да, мансап та, билік баспалдағы да басын иді. Қазақ мемлекеттік университетінен заңгер мамандығын алған ол еңбек жолын Шымкент облыстық сотынан бастады. 1992-1996 жылдары Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы қызметін атқарғанда Төле би, Әйтеке би және Қазыбек бидің өнегесіне терең бойлап, үш бидің атында залдар ашып, ұлағатты іс атқарды. 1993 жылы Елбасының көрші елдердің сол кездегі Президенттері Ислам Каримов пен Асқар Ақаевтарды шақырып, «Ордабасы» жиынын өткізуге атсалысты. Шымкент қаласынан да кезінде Жоңғарға қарсы күрескен даңқты батыр Тілеу Айтұлы мен оның баласы Жолдыаяқтың ерлігін паш ететін ат үстіндегі айбынды ескерткішті орнатуға ұйытқы болып, үлесін қосты.
«Бекет қашанда қазақтың жоғын жоқтап жүрген азамат. Осы тарихи кесене бүкіл қазақ халқына өмір бойы, әр уақытта өзінің тарихы қалай болғандығын танытып тұратын ескерткіштердің бірі болды. Қазақстанның қай бұрышына барсақта Бекет ініміздің ашқан ескерткіштерін, тапқан тарихи жәдігерлерін көреміз. «Жақсының нұры тасысын» дейді ғой дана халық. Осы Бекет Тұрғараұлы сияқты азаматтарды ардақтауымыз керек», – дейді ҚР Ұлттық Ғылым академиясының академигі Сұлтан Сартаев.
Туған елінің ертеңін ойлаған адам өзінің тұлғалық келбетін өзі жасайды. Бекет Тұрғараев та өзіне тән азаматтық болмысты өзі қалауға көп күш-жігер жұмсады. Алайда ол қандай қызметте болмасын қарапайымдылық қалыбынан танбаған жан.
1996-1997 жылдары Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының Құқықтық ақпарат орталығының директоры, 1998-99 жылдары ҚР Әділет министрлігінің Соттар қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры қызметін абыроймен атқарды.
Бекет Тұрғараұлы 1999 жылдан зейнет демалысына шыққанша табаны күректей он жыл Солтүстік Қазақстан облыстық сотын басқарды. Бұл өңірде де Бекет Тұрғараұлы игілікті істерінің ізі сайрап жатыр.
«Бекет – бір айтады, айтқанын істейді. Сөйтіп, ешкімнің ойында жоқ жарқын істерді атқарып, республикаға үлкен оқиға етіп таратып жіберді. Мәселен, біреу өмірде жоқ болды, біреу болмады деп таласып-тартысып жүрген Қожаберген жыраудың бүкіл әулетімен қайта тірілткен – Бекет Тұрғараев болды», – деп, Қазақстанның Еңбек Ері , халық жазушысы Әбіш Кекілбай ағамыз ақжарма пікірін айтқан еді.
Ұлы Далада елін жаудан қорғаған есіл ер, көкжал кекті батырлардың қатарында Қожаберген жырау Толыбайұлы да бар еді. «Елім-ай» әнінің авторы, қазақтың даңқты қолбасшысы Қожаберген жыраудың есімін қайта ұлықтауға да Бекет Тұрғараевтың еңбегі ерекше. 2013 жылы ұлы жыраудың 350 жылдығын Алматы қаласында Ғылым академиясында, Астанада Еуразия ұлттық университетінде республикалық конференциясын өткізіп, кітабын шығарып, асын өткізді. Сонымен бірге осы өңірдің айтулы тұлғалары Үкілі Ыбырай, Ақан сері, Біржан сал, Сегіз сері, Шал ақын және Мағжан Жұмабаевтардың мұраларын жарыққа шығаруға демеушілік жасады.
Иә, Бекет Тұрғараұлы Қызылжар өңіріндегі зиялы қауымның басын қосып, талай игілікті істерге ұйытқы болды. «Жеті жарғы және Қожаберген жырау» халықаралық қайырымдылық қорын құрды. Сол қордың бастамасымен батыр жыраудың туған жерінде белгі қойды. Тағы да ел мұратына кәде іс-шаралар атқарылды.
Соның бірі – өз заманында «дала данышпаны» атанған Тоқсан би Жабайұлы Солтүстік – Батыс, кейін Тобыл губерниясының төбе биі болғаны тарихтан белгілі. Енді міне, кесенесі көтеріліп, шешендік сөздері топтастырылған жинақ та жарық көрді. Бекет Тұрғараұлының ұсынысымен Қызылжар қаласының бір көшесіне Тоқсан бидің есімі берілді. Кесене маңындағы ауылға да би атын беруге мұрындық болған – осы Бекет Тұрғараұлы.
Бұдан бөлек қазақтың даңқты ақыны Мағжан Жұмабаевтың ескерусіз қалған әкесі Бекен мен шешесі Гүлсімнің жерленген жерлерін іздетіп таптырып, құлпытас белгі қойғызды. Қағажу қалған тағы бір тұлғалар – Шал ақын мен академик Евней Букетовтың туған жерлеріне ескерткіш мүсіндерін орнатты. Қазақтың осындай маңдайалды тұлғаларын ұлықтау шын мәнінде ұлтжанды азаматтың ғана қолынан келері хақ. Осылайша ұлы істерді үндемей-ақ, «мұны мен істедім» деп көкірегін соқпай-ақ тындырған Бекет Тұрғараұлының ісі қазақтың мен деген талай азаматтарына үлгі іспетті.
Бекет Тұрғараұлының қызмет жолы тақтайдай тегіс болды деп айта алмаймыз. Алайда осы көзқарас қайшылығы, түрлі деңгейдегі тартыстар мен текетірестерді салқынқандылық пен сабырмен шешті. Ал зейнет демалысына шыққаннан соң да қарап отырмады. Елдегі қоғамдық-саяси құбылыстардағы қиын сәттерде Бекет Тұрғараұлы іс-тәжірибесі мен білім-білігін аямады.
2011 жылғы Жаңаөзендегі желтоқсан оқиғасынан соң Маңғыстау облысына әкім болып тағайындалған Бауыржан Мұхамеджанов Бекет Тұрғараұлын өзіне кеңесші етіп шақырды. Қалыптасқан жағдайға орай заңдық-құқықтың кеңес беріп, жазықсыз жандардың жазаланбауына араша түсіп, республикалық қоғамдық кеңестің жұмысын үйлестірді. Қарсылық көзқарастағы топты сабырға шақырып, рухани-мәдени тұрғыдан дем берді. «Маңғыстау ақын-жазушыларының шығармашылық кітапханасы» сериясымен 50 томдық кітаптың жарыққа шығуына тікелей ықпал етті. Қазақтан шыққан тұңғыш дипломат Нәзір Төреқұловтың 120 жылдығына орай конференция өткізіп, кітабын шығарып, республикалық деңгейде насихатталуына мұрындық болды. Осы сынды тағы басқа мың-сан шаруа Бекет Тұрғараұлының алқалауымен Маңғыстау жерінде жүзеге асты.
«Қаймағы бұзылмаған қазақы ауылда өскен Бекет қазақ әдебиетін жанындай жақсы көреді, көп оқиды. Майдангер жазушы Әзілхан Нұршайықовтың 10 томдық, менің 8 томдық шығармалар жинағымды шығаруға жәрдемдесті. Басқа да бірталай ақын жазушыларға қол ұшын беріп, көмегін тигізді. Бұл әдебиетімізге, мәдениетімізге, руханиятымызға жақсылық деп білемін», – дейді академик Серік Қирабаев.
Бекет Тұрғараұлы өмірдің бастапқы бағдарын ауылдағы ата-әжелердің тәрбиесінен алды. Кітаптың қат уақытында ақылы дархан да дария данагөй қариялардан зердесіне таным түйген ол «Батырлар жырын» іздеп жүріп оқитын. Соның арқасында әдебиет әлеміне терең бойлап, тарихтан тағылым жинады.
«Абайды оқымау – ұлтты сыйламау. Абай бір ғасырда, тіпті, мың жылда бір туатын дара тұлға. Оның өлеңдерінің мағынасы – терең, қатпары – қалың. «Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өсіп, мыңмен жалғыз алысса да», артына сарқылмас мол мұра қалдырып кеткен данышпанды танымай жүргендер көп-ау. Иә, олар «Абай жолын» бір қарап шықса, қандай шырмауық өмірде шырмалып жүргенін білер еді. Мен Абайды қажетсінбесем , қаражаяу тірліктің құлы болып, рухани жүдеп қалатындай қорқам, – дейді Бекет Тұрғараұлы.
Сондықтан да болар, руханият мәселесінде, қазаққа қажетті деген кітаптарды шығарып, тарату мәселесінде аянып қалмады. Қожаберген жыраудың «Елім-ай!», «Баба тілі» дастаны мен «Заманының заңғары», «Мәңгілік елдің – мәңгілік жыршысы» , Зейнолла Қабдоловтың «Менің Әуезовым» кітабын, Қадыр Мырзалиевтің 14 томдықжинағын, заңгер жазушы Н.Төлендиевтің шығармасын, «Өмір өткелдері», «Президент және реформа», «Бекет Ата 260», Ғ.Қариннің «Асыл ойлар әлемі» т.б. ондаған кітаптарды жарыққа шығарып, Солтүстік Қазақстан облысына 10 мыңнан астам, Оңтүстік Қазақстан облысына 3 мыңнан астам кітаптарды тегін тараттырған.
Ал осы соңғы кездердің өзінде Бекет Тұрғараұлы қазақ халқының тарихында елеулі орын алған Орбұлақ шайқасы жеңісінің 375 жылдық мерейтойының қарсаңында (Алматы облысы, Панфилов ауданы) Қосқолаң тауының етегінде Сарыбелде жатқан ұлы жеңістің бас қолбасшысы болған Салқам Жәңгір хан мен оның елу алты батыр сарбаздары жатқан жерді қоршатып, ханға лайықты ескерткіш белгі қойды. Және де дәл қазіргі уақытта Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданында Шымкент Ташкент халықаралық күре жолының бойында, биік төбе басына ұлы жеңістің қаһармандары Салқам Жәңгір мен Жалаңтөс Баһадүрге арнап, екеуінің ат үстЕл тәуелсіздігін алғаш алған жылдары еңсіреп, есін жиюға едәуір уақыттың кеткені белгілі. Халықты мең-зең күйден алып шығып, бағыт сілтейтін көшбасшылар мұндай кезде ауадай қажет екені даусыз. Республиканың түкпір-түкпірінде мұндай мен деген тұлғалар шығып та жатты, шүкір. Қиын-қыстау кездері халқының әлеуметтік жағдайын ғана емес, руханиятта да тоқ болуын ойлаған осындай азаматтар Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында тілге тиек етілмеуі үлкен қателік болар еді.
Кейіпкеріміз — азаматтық тұлғасы бір бөлек, Оңтүстік пен Солтүстік Қазақстан облыстарының сотын абыроймен басқарып, заң алдында мамандық міндеті мен ар алдындағы адамдық борышын қатар ұстап, жетпіс жасқа толып отырған, елдің сүйіспеншілігіне бөленген ерен ер, заң ғылымдарының докторы, ҚР Еңбек сіңірген заңгері, ҚР Құрметті судьясы, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері Бекет Тұрғараұлы.
Бекет Тұрғараев 1947 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданы, Талдыбұлақ ауылында дүниеге келген. Ол елге, жерге, ұлтқа деген игілікті ісін өзінің туған ауылы Талдыбұлаққа жаңа мектеп ғимаратын салып беруден бастады. Ішін компьютермен жабдықта , кітапханасын байытты. Қазығұрт ауданы мен облыстың энциклопедиясын өзінің қаржысымен жарыққа шығарды. Саналы ғұмырын еліміздің заң саласы мен руханиятын дамытуға арнаған мың-сан ісінің бірін ғана айтсақ, Қазығұрт ауданы Шарапхана ауылынан Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне тағзым белгісі іспетті майданда қаза тапқан жауынгерлердің аты жазылған «Бабалар рухына тағзым» атты алып кешен мен Ұлы бабасы «Түгейболат» бабаға арналған 21 шаршы метрлік ескерткіш монумент тұрғызды. Осы іспетті басқа да еңбектері еленіп, «Қазығұрт ауданының құрметті азаматы» атанды.
Қандай қызметтің болмасын күрмеуін табатын Бекет Тұрғараұлы ұлттық сананы үнемі жоғары қоятын. Ақжарқын мінезінде өзіндік өр, ал ісінде тереңдік бар. Қандай іске болсын осалдық танытпайтын ол, үнемі алға ұмтылып, еліне, халқына адал қызмет ете білді. Осы іскерлігімен көпшіліктің ілтипатына бөлінді де. Алайда Бекет аға қызметті де, атақты да іздеген емес.
Ұлтжанды, еңбекқор жанға абырой да, мансап та, билік баспалдағы да басын иді. Қазақ мемлекеттік университетінен заңгер мамандығын алған ол еңбек жолын Шымкент облыстық сотынан бастады. 1992-1996 жылдары Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы қызметін атқарғанда Төле би, Әйтеке би және Қазыбек бидің өнегесіне терең бойлап, үш бидің атында залдар ашып, ұлағатты іс атқарды. 1993 жылы Елбасының көрші елдердің сол кездегі Президенттері Ислам Каримов пен Асқар Ақаевтарды шақырып, «Ордабасы» жиынын өткізуге атсалысты. Шымкент қаласынан да кезінде Жоңғарға қарсы күрескен даңқты батыр Тілеу Айтұлы мен оның баласы Жолдыаяқтың ерлігін паш ететін ат үстіндегі айбынды ескерткішті орнатуға ұйытқы болып, үлесін қосты.
«Бекет қашанда қазақтың жоғын жоқтап жүрген азамат. Осы тарихи кесене бүкіл қазақ халқына өмір бойы, әр уақытта өзінің тарихы қалай болғандығын танытып тұратын ескерткіштердің бірі болды. Қазақстанның қай бұрышына барсақта Бекет ініміздің ашқан ескерткіштерін, тапқан тарихи жәдігерлерін көреміз. «Жақсының нұры тасысын» дейді ғой дана халық. Осы Бекет Тұрғараұлы сияқты азаматтарды ардақтауымыз керек», – дейді ҚР Ұлттық Ғылым академиясының академигі Сұлтан Сартаев.
Туған елінің ертеңін ойлаған адам өзінің тұлғалық келбетін өзі жасайды. Бекет Тұрғараев та өзіне тән азаматтық болмысты өзі қалауға көп күш-жігер жұмсады. Алайда ол қандай қызметте болмасын қарапайымдылық қалыбынан танбаған жан.
1996-1997 жылдары Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының Құқықтық ақпарат орталығының директоры, 1998-99 жылдары ҚР Әділет министрлігінің Соттар қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры қызметін абыроймен атқарды.
Бекет Тұрғараұлы 1999 жылдан зейнет демалысына шыққанша табаны күректей он жыл Солтүстік Қазақстан облыстық сотын басқарды. Бұл өңірде де Бекет Тұрғараұлы игілікті істерінің ізі сайрап жатыр.
«Бекет – бір айтады, айтқанын істейді. Сөйтіп, ешкімнің ойында жоқ жарқын істерді атқарып, республикаға үлкен оқиға етіп таратып жіберді. Мәселен, біреу өмірде жоқ болды, біреу болмады деп таласып-тартысып жүрген Қожаберген жыраудың бүкіл әулетімен қайта тірілткен – Бекет Тұрғараев болды», – деп, Қазақстанның Еңбек Ері , халық жазушысы Әбіш Кекілбай ағамыз ақжарма пікірін айтқан еді.
Ұлы Далада елін жаудан қорғаған есіл ер, көкжал кекті батырлардың қатарында Қожаберген жырау Толыбайұлы да бар еді. «Елім-ай» әнінің авторы, қазақтың даңқты қолбасшысы Қожаберген жыраудың есімін қайта ұлықтауға да Бекет Тұрғараевтың еңбегі ерекше. 2013 жылы ұлы жыраудың 350 жылдығын Алматы қаласында Ғылым академиясында, Астанада Еуразия ұлттық университетінде республикалық конференциясын өткізіп, кітабын шығарып, асын өткізді. Сонымен бірге осы өңірдің айтулы тұлғалары Үкілі Ыбырай, Ақан сері, Біржан сал, Сегіз сері, Шал ақын және Мағжан Жұмабаевтардың мұраларын жарыққа шығаруға демеушілік жасады.
Иә, Бекет Тұрғараұлы Қызылжар өңіріндегі зиялы қауымның басын қосып, талай игілікті істерге ұйытқы болды. «Жеті жарғы және Қожаберген жырау» халықаралық қайырымдылық қорын құрды. Сол қордың бастамасымен батыр жыраудың туған жерінде белгі қойды. Тағы да ел мұратына кәде іс-шаралар атқарылды.
Соның бірі – өз заманында «дала данышпаны» атанған Тоқсан би Жабайұлы Солтүстік – Батыс, кейін Тобыл губерниясының төбе биі болғаны тарихтан белгілі. Енді міне, кесенесі көтеріліп, шешендік сөздері топтастырылған жинақ та жарық көрді. Бекет Тұрғараұлының ұсынысымен Қызылжар қаласының бір көшесіне Тоқсан бидің есімі берілді. Кесене маңындағы ауылға да би атын беруге мұрындық болған – осы Бекет Тұрғараұлы.
Бұдан бөлек қазақтың даңқты ақыны Мағжан Жұмабаевтың ескерусіз қалған әкесі Бекен мен шешесі Гүлсімнің жерленген жерлерін іздетіп таптырып, құлпытас белгі қойғызды. Қағажу қалған тағы бір тұлғалар – Шал ақын мен академик Евней Букетовтың туған жерлеріне ескерткіш мүсіндерін орнатты. Қазақтың осындай маңдайалды тұлғаларын ұлықтау шын мәнінде ұлтжанды азаматтың ғана қолынан келері хақ. Осылайша ұлы істерді үндемей-ақ, «мұны мен істедім» деп көкірегін соқпай-ақ тындырған Бекет Тұрғараұлының ісі қазақтың мен деген талай азаматтарына үлгі іспетті.
Бекет Тұрғараұлының қызмет жолы тақтайдай тегіс болды деп айта алмаймыз. Алайда осы көзқарас қайшылығы, түрлі деңгейдегі тартыстар мен текетірестерді салқынқандылық пен сабырмен шешті. Ал зейнет демалысына шыққаннан соң да қарап отырмады. Елдегі қоғамдық-саяси құбылыстардағы қиын сәттерде Бекет Тұрғараұлы іс-тәжірибесі мен білім-білігін аямады.
2011 жылғы Жаңаөзендегі желтоқсан оқиғасынан соң Маңғыстау облысына әкім болып тағайындалған Бауыржан Мұхамеджанов Бекет Тұрғараұлын өзіне кеңесші етіп шақырды. Қалыптасқан жағдайға орай заңдық-құқықтың кеңес беріп, жазықсыз жандардың жазаланбауына араша түсіп, республикалық қоғамдық кеңестің жұмысын үйлестірді. Қарсылық көзқарастағы топты сабырға шақырып, рухани-мәдени тұрғыдан дем берді. «Маңғыстау ақын-жазушыларының шығармашылық кітапханасы» сериясымен 50 томдық кітаптың жарыққа шығуына тікелей ықпал етті. Қазақтан шыққан тұңғыш дипломат Нәзір Төреқұловтың 120 жылдығына орай конференция өткізіп, кітабын шығарып, республикалық деңгейде насихатталуына мұрындық болды. Осы сынды тағы басқа мың-сан шаруа Бекет Тұрғараұлының алқалауымен Маңғыстау жерінде жүзеге асты.
«Қаймағы бұзылмаған қазақы ауылда өскен Бекет қазақ әдебиетін жанындай жақсы көреді, көп оқиды. Майдангер жазушы Әзілхан Нұршайықовтың 10 томдық, менің 8 томдық шығармалар жинағымды шығаруға жәрдемдесті. Басқа да бірталай ақын жазушыларға қол ұшын беріп, көмегін тигізді. Бұл әдебиетімізге, мәдениетімізге, руханиятымызға жақсылық деп білемін», – дейді академик Серік Қирабаев.
Бекет Тұрғараұлы өмірдің бастапқы бағдарын ауылдағы ата-әжелердің тәрбиесінен алды. Кітаптың қат уақытында ақылы дархан да дария данагөй қариялардан зердесіне таным түйген ол «Батырлар жырын» іздеп жүріп оқитын. Соның арқасында әдебиет әлеміне терең бойлап, тарихтан тағылым жинады.
«Абайды оқымау – ұлтты сыйламау. Абай бір ғасырда, тіпті, мың жылда бір туатын дара тұлға. Оның өлеңдерінің мағынасы – терең, қатпары – қалың. «Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өсіп, мыңмен жалғыз алысса да», артына сарқылмас мол мұра қалдырып кеткен данышпанды танымай жүргендер көп-ау. Иә, олар «Абай жолын» бір қарап шықса, қандай шырмауық өмірде шырмалып жүргенін білер еді. Мен Абайды қажетсінбесем , қаражаяу тірліктің құлы болып, рухани жүдеп қалатындай қорқам, – дейді Бекет Тұрғараұлы.
Сондықтан да болар, руханият мәселесінде, қазаққа қажетті деген кітаптарды шығарып, тарату мәселесінде аянып қалмады. Қожаберген жыраудың «Елім-ай!», «Баба тілі» дастаны мен «Заманының заңғары», «Мәңгілік елдің – мәңгілік жыршысы» , Зейнолла Қабдоловтың «Менің Әуезовым» кітабын, Қадыр Мырзалиевтің 14 томдықжинағын, заңгер жазушы Н.Төлендиевтің шығармасын, «Өмір өткелдері», «Президент және реформа», «Бекет Ата 260», Ғ.Қариннің «Асыл ойлар әлемі» т.б. ондаған кітаптарды жарыққа шығарып, Солтүстік Қазақстан облысына 10 мыңнан астам, Оңтүстік Қазақстан облысына 3 мыңнан астам кітаптарды тегін тараттырған.
Ал осы соңғы кездердің өзінде Бекет Тұрғараұлы қазақ халқының тарихында елеулі орын алған Орбұлақ шайқасы жеңісінің 375 жылдық мерейтойының қарсаңында (Алматы облысы, Панфилов ауданы) Қосқолаң тауының етегінде Сарыбелде жатқан ұлы жеңістің бас қолбасшысы болған Салқам Жәңгір хан мен оның елу алты батыр сарбаздары жатқан жерді қоршатып, ханға лайықты ескерткіш белгі қойды. Және де дәл қазіргі уақытта Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданында Шымкент Ташкент халықаралық күре жолының бойында, биік төбе басына ұлы жеңістің қаһармандары Салқам Жәңгір мен Жалаңтөс Баһадүрге арнап, екеуінің ат үстіндегі айбынды ескерткіштерін орнату жұмыстарымен айналысуда. Сондай-ақ жақында ғана белгілі Мемлекет және қоғам қайраткері Нұртас Оңдасыновтың алып ескерткіш бюстін Ақтау қаласында орнатуға демеушілік жасап, абзал азаматтың атын мәңгілікке қалдыруға ықпал етті.
Иә, Бекет Тұрғараұлы – өз ұлтының келешегін ойлап, өмірлік мақсатын айқындаған азамат. Ат жалын тартып мінгеннен бері өзіндік қағидасы, өз ұстанымы бар азамат. Демек, арғы-бергі ата — бабасы ұлттық салт-дәстүрден нәр алған тектіліктен жаралған. Тәрбиені сол тектіліктен іздеген перзенттің ұрпағы да тегіне тартып тамыр жаяры анық. Отбасы бүгінде үлкен әулетке айналды. Жұбайы Ұлды екеуінің ұлдары Мұхит пен Заңғар және Қыздары Жұлдыз бүгінде өз саласының білікті мамандары ретінде қызмет жасап келеді. Немерелері Асылмұрат, Мағжан, Алтынай, Нарқыз, Айтолқын, Ақерке, Айымжан, Айана ата-анасының көзқуаныштары.
Қоғам қайраткері Бекет Тұрғараұлының жетпіс жылдық өмір жолы осындай. Кісі қызығарлық ғибратты ғұмыр! Бір азаматтың ұлтқа, елге қызметі осындай-ақ болар!