ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА 30 ГРАНТ
«Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасында жастар мәселесіне ерекше назар аударылған. Осы орайда Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Шахмардан БАЙМАНОВ аталған жоба аясындағы жастар мәселесі мен олардың өмір сапасын, қоғамдық өмірдегі белсенділігін арттыруға қатысты шаралар туралы айтып берді.Светлана ҒАЛЫМЖАНҚЫЗЫ
– «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасы туралы айтып өтсеңіз.
– Ұлттық жоба – жан-жақты ведомствоаралық өзара іс-қимылды және жалпыұлттық басымдықтарға, Қазақстан Республикасының Ұлттық даму, Елдің аумақтық даму жоспарларының мақсаттарына, міндеттері мен стратегиялық көрсеткіштеріне және мемлекетіміздің Ұлттық даму жоспарының индикаторларына қол жеткізуге, сондай-ақ Президент айқындаған жекелеген міндеттерді белгіленген мерзімдерде шешуге бағытталған іс-шаралар кешенін іске асыруды көздейді.
Атап айтқанда, жастар үшін жаңа мүмкіндіктерді дамыту, оларды әлеуметтендіру және жұмысқа орналастыру, қоғамдық пайдалы қызметке тарту сияқты нақты міндеттер белгіленген «Тәуелсіздік ұрпақтары» бағытына баса назар аударғым келеді.
Бірінші міндетте 2025 жылға дейін 800 мың жастың тұрғын үй жинақтары жүйесін жастарға тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі бойынша салымдарды толықтыру және әкімдіктермен бірлесіп жеңілдікті ипотекалық бағдарламаларды енгізу және «Отбасы банк» ТҚЖБ»-ның өз өнімдерін әзірлеу үшін бірыңғай зейнетақы төлемдерін пайдалану мүмкіндігін беру арқылы пысықтау көзделеді.
Бүгінгі күні бейінді мемлекеттік органдар осы тетікті заңнамалық тұрғыда бекіту бойынша жұмыс жүргізуде, оның қорытындысында жастар кейіннен тұрғын үй сатып алу мақсатында «Отбасы банк» шотына ең төменгі жеткіліктілік шегінен жоғары зейнетақы жинақтарының бір бөлігін аудару мүмкіндігіне ие болады.
Сондай-ақ әкімдіктермен бірлесіп жеңілдетілген ипотекалық бағдарламаларды енгізу және «Отбасы банк» ТҚЖБ»-ның өз өнімдерін әзірлеу жоспарлануда.
Бұдан басқа, тұрғын үй құрылысы бағдарламаларында жас отбасылар үшін квота енгізу арқылы барлық тұрғын үй құрылысы бағдарламалары бойынша жас отбасыларға арналған қарыздар үлесін 2025 жылға қарай 25%-ға дейін арттыру көзделіп отыр.
Аталған тұрғын үй бағдарламаларының бірыңғай операторы «Отбасы банк» болмақ. Аталған іс-шараларды іске асыру бүгінгі күні жастар арасында өзекті мәселелердің бірін шешуге мүмкіндік беретінін атап өткен жөн.
Екінші міндет шеңберінде 2025 жылға қарай жастарға әлеуметтік қызмет көрсетуді 1 миллион адамға дейін және Eljastary инфонавигаторына қатысу деңгейін 2 миллион адамға дейін арттыру көзделуде.
Осылайша, жастар инфонавигаторы мен Eljastary мобильді қосымшасын жасау жастарға мемлекеттік қолдаудың барлық шарасын бірыңғай платформаға жинауға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде мемлекеттік жастар саясатының стратегиялық бағыттарын сапалы ілгерілетуге, талдамалық сүйемелдеуге жол ашады және тұтастай алғанда жастардың мемлекеттік қолдау шаралары туралы хабардар болу деңгейін арттырады.
Сондай-ақ жыл сайын «Тәуелсіздік ұрпақтары» 30 грантын беру арқылы жастарды жаңа стартап-жобаларға тарту жоспарлануда.
Үшінші міндетте ерікті қызметке тартылған оқушылардың үлесін арттыру, жастарды экологиялық жобалармен және спортпен қамту бойынша шаралар жоспарланған.
Осылайша, барлық міндет индикативті нәтижелерге қол жеткізуге және жобалық басқару ережелерін енгізуге бағытталған.
– Сіз экологиялық жобалар туралы айтып өттіңіз. Соңғы уақытта экология мәселесі өзекті болып отыр. «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасында жастардың экологиялық мәдениетін арттыруға бағытталған қандай да бір іс-шаралар қарастырылған ба?
– Иә, келісемін. Экологиялық білім беру мәселелері, өкінішке қарай, соңғы жылдары өзекті болып отыр. Бүгін қоғам экологиялық білім мен тәрбиені дамыту керек деген пікірде екенін көріп отырмыз. Бұл мәселені шешу үшін кешенді және жүйелі тәсіл қажет. Сонымен қатар жүргізілген әлеуметтік зерттеулер экологиялық мәдениет жастардың отбасы, азаматтық белсенділік, еріктілік және саламатты өмір салты сияқты құндылықтар қатарына кіретінін көрсетті.
Ұлттық жоба шеңберінде 2025 жылға қарай жастарды экологиялық жобалармен қамту деңгейін 800 мың адамға дейін арттыруға мүмкіндік беретін іс-шаралар қарастырылған.
Бұл – мектептер мен жоғары оқу орындарында өскелең ұрпаққа экологиялық тәрбие беру мақсатында экологиялық мәдениетті қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар кешенін өткізу жөніндегі жұмыстар.
Сондай-ақ қазақ фольклорындағы табиғатқа қатысты қызық аңыздарын дәріптеу арқылы қоршаған ортаны қорғау және оған құрметпен қарау жөніндегі «Киелі табиғат» ғылыми-ағартушылық бейне-жобасын жасау көзделіп отыр.
Бұдан басқа «Жасыл ел» жобасы шеңберінде 2025 жылға дейін жыл сайын 30 мың жасты жұмысқа тұрғызу көзделіп отыр, бұл елімізді көгалдандыру мақсатында Мемлекет басшысының елді мекендерде 15 млн ағаш отырғызу бастамасын іске асыруға мүмкіндік береді.
Тұтастай алғанда, жастарды экологиялық ағарту жөніндегі қызметті Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жүйелі түрде жүргізетін болады.
– «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты туралы толығырақ айтып берсеңіз.
– Бұл грант «Егемен Қазақстан» газетінде 2021 жылғы 5 қаңтарда жарияланған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласында айтылған Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында тағайындалды.
Грантты тағайындаудың мақсаты – белсенді шығармашыл жастар қауымдастығын қалыптастыруға бағытталған жастардың жаңа және қолданыстағы бастамаларын қолдау.
3 миллион теңге көлеміндегі 30 грант конкурстық негізде Қазақстан Республикасының 14 пен 29 жас аралығындағы азаматтарына мынадай бағыттар бойынша беріледі:
«Ғылым» – ғылымның басым секторларында жаңа ғылыми жобалар мен зерттеулерді іске асыру үшін;
«Мәдениет» – Қазақстанның мәдени мұрасын танымал етуге, халықтық мәдени дәстүрлер мен өнерді ілгерілетуге бағытталған жобаларды іске асыру үшін;
«Ақпараттық технологиялар» – жаңа IT-шешімдер мен жобаларды, оның ішінде бастаушы стартап-жобаларды іске асыру және әзірлеу үшін;
«Бизнес» – экономиканың басым секторларында жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін.
«Медиа» – жаңа медиа-жобаларды, оның ішінде жастар үшін танымдық, пайдалы, қызық контент жасау жөніндегі жобаларды іске асыру үшін.
Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеу қарсаңында 30 жеңімпазды салтанатты марапаттау жоспарланған.
– NEET санатындағы жастардың санын азайту – мемлекеттік саясаттың басымдықтарының бірі. Жастардың осы санатымен жұмыс істеу үшін қандай шаралар қарастырылған?
– Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жастар саясаты саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша жұмыс жүргізуде. Жалпы, елде жастардың осы санатымен жұмыс істеу үшін институционалдық база құрылып, оны әлеуметтендіру және жұмыспен қамту жөніндегі бағдарламалар мен жобалар іске асырылуда.
Атап айтқанда, 2021 жылы NEET санатындағы жастармен жұмыс жөніндегі республикалық жобалық кеңсе құрылды. Сондай-ақ өңірлердегі жастар ресурстық орталықтарында NEET санатындағы жастармен жұмыс жөніндегі арнайы бөлімдер ашылды.
Қазіргі уақытта өңірлерде NEET санатындағы жастардың деректер базасын өзектендіру бойынша жұмыс жүргізілуде.
Атап айтқанда, Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша, биылғы 2 тоқсанның қорытындысында NEET жастарының үлесі 6,6%-ды құраған. 2020 жылғы 2-тоқсанмен салыстырғанда 1%-ға төмендеу байқалады.
«Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасында «Тәуелсіздік ұрпақтары» бағыты шеңберінде 2025 жылға қарай NEET санатындағы жастарды 5%-ға дейін төмендету көзделген.
Әңгімелескен Светлана ҒАЛЫМЖАНҚЫЗЫ,
«Egemen Qazaqstan»
https://egemen.kz/article/295689-tauelsizdiktinh-30-dgyldyghyna-oray-30-grant-berilmek