ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА ТЕАТР ФЕСТИВАЛІ БАСТАУ АЛДЫ

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «СЫН –ШЫН БОЛСЫН…» Әшірбек Сығай атындағы республикалық театрлар фестивалі бастау алды. Қазан айының 11-16 аралығында өтетін республикалық театрлар фестиваліне Шымкент қаласының атынан Ж.Шанин драма театр ұжымы қатысып, У.Шекспир шығармаларының желісі бойынша «QORA Z» трагикомедиясымен қатысатын болады!

Бұл туралы театрдың әлеуметтік желідегі парақшасында «Қадірлі көрермен! Сіздермен бөлісетін аса қуанышты жаңалығымыз бар! Соңғы уақыттағы шектеу шараларының әсерінен театр әлемінің дүбірлі додалары толастап, өнер ұжымдарының шығармашылық алмасуы бәсеңдеген еді. Енді міне жарқын күннің жаршысы болып Қарағанды қаласы С.Сейфуллин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театрында республикалық фестивалге аттанбақпыз. Театр ұжымы үшін бұл үлкен қуаныш! Сәттілік тілеп қойыңыздар!» деп жазды.