ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ АЛҒАШҚЫ ТАНЫЛУ КЕЗІ

Ғасырлар бойы арман еткен егемендікті қазақтың басына қонған бағы, астына орнаған тағы деуге болады. Алтайдан Алатауға дейін ұлан – ғайыр жерді мекен еткен ата – бабаларымыз тәуелсіздікті арман еткен.Тәуелсіздік – қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да Тәуелсіздік – ең қастерлі құндылығымыз.

1996 жылдан бастап Қазақстан Америка құрлығының барлық 35 мемлекетінің басын біріктіретін ірі өңірлік ұйымға тұрақты бақылаушы мемлекет болды. 1997 жылы Тұңғыш Президент, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның жаңа астанасы Ақмола қаласы болғанын ресми түрде жариялады. Осы жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін Алматыдан Ақмолаға шығарып салу салтанатты рәсімі өтті.  2000 жылы Астанада халықаралық экономикалық ұйым ретінде кеден одағына қатысушы мемлекеттердің басшылары қол қойған Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құрылды. 2010 жылы Қазақстан Еуропаның қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық ете бастады. Осы жылдың желтоқсан айында Қазақстанда саммит өткізілді. 2011 жылы Қазақстанда алғаш рет қысқы Азия ойындары өтті. 2017 жылы Қазақстанда алғаш рет «ЭКСПО» көрмесі ұйымдастырылды. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан БҰҰ қауіпсіздік кеңесіне төрағалық ете бастады.