“ТАЗА ҚАЗАҚСТАН” АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 14 ТОННА ҚОҚЫС ШЫҒАРЫЛДЫ

Бүгін аудан көлемінде “Таза Қазақстан” эко акциясы аясында сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды. Сенбілікке ауылдық округ тұрғындары мен мекеме қызметкерлері біркісідей атсалысып, жол жиектері мен көшелердегі қоқыс пен қалдықтарды шығарып, ауданның тазалығына өз үлестерін қосты.
Сенбілік жұмыстары барлық 12 ауылдық округінде және Шорнақ елді мекені, Кентоғай көшесі мен қосалқы жол бойында өтті. Аудан бойынша ұйымдастырылған сенбілік жұмыстарына — 186 адам қатысты. Нәтижесінде 14 тонна қоқыс шығарылып, оған 8 техника жұмылдырылды.
Бұл шара жолда жүрген жүргізушілер мен жолаушылар арасында тазалық мәдениетін қалыптастыруға және жол жиегінің санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталады. «Тазалық — денсаулық кепілі» екенін ұмытпауымыз керек. Сондықтан аудан тұрғындарына, өз аулаларыңызды таза ұстауға, тазалық шараларын сақтауға шақырамыз.
Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі