«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫНА КЕЛЕСТІК АРДАГЕРЛЕР АТСАЛЫСТЫ
Келес ауданы Қошқарата ауылдық округінде зиялы қауым өкілдері, ауыл билері, ақсақалдар және ауыл тұрғындарының қатысуымен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында сенбілік өтті. Шарада аудандық ардагерлер жәнн қоғамдық кеңестің төрағалары, әжелер мен аналар кеңесінің төрайымдары төбе көрсетіп, елді тазалық іс-шарасына атсалысуға шақырды. Аудан әкімі Жәнібек Есенұлы тазалық науқанын ұйымдастырған ауылдық округке арнайы барып, ауыл тұрғындарымен кездесті. Сондай-ақ осындай бастама көтерген азаматтарға өз алғысын білдірді.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникация қызметі