«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКОАКЦИЯСЫНА ОБЛЫСТЫҢ МӘДЕНИЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АТСАЛЫСУДА
Елімізде «Таза Қазақстан» республикалық экоакциясы жалғасып жатыр. Мәдениет мекемелерінің қызметкерлері де акцияға қолдау білдірді.
Мәселен, бүгін Түркістан облысының мәдениет басқармасы қызметкерлері және басқармаға қарасты өнер және мәдениет мекемелері қатысты. Экоакцияға басқарма басшысының орынбасары Нұрдәулет Медеуов бастаған жалпы саны 150-ге жуық қызметкер сенбілікке белсене қатысып, Ащысай шатқалында тазалық жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде аталған аймақ 250 қап қоқыстан тазартылды.
Сенбілік мақсаты – қоршаған ортаны таза ұстауға, экологиялық тазалықты сақтауға атсалысу туған жерге деген сүйіспеншіліктерін ояту. Сонымен қатар әрбір азамат облысымыздың тазалығы мен көркеюіне үлес қосу. Сондай-ақ аудан, қала көшелеріндегі тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне қоғам назарын аудартуға бағытталған.
Түркістан облысы мәдениет басқармасының баспасөз қызметі