ТАЗА ҚАЗАҚСТАН: «ҒАЙЫП ЕРЕН ҚЫРЫҚ ШІЛТЕН» АУМАҒЫ ТАЗАЛАНДЫ

«Таза Қазақстан» республикалық акция шеңберінде «AMANAT» партиясының «Таза бейсенбі» апталығы аясында ауданда сенбілік өтті. Тазалық шарасы «World Cleanup Day» — Дүниежүзілік тазалық күні акциясына арналды.
Қоршаған ортаның ластануымен күресуге, табиғатты болашақ ұрпақ үшін таза ұстауға күш біріктіруге арналған іс-шарада табиғат аясы, су жағалауы, тарихи және мәдени ескерткіштер аумақтары тазартылды. Партия төрағасы Алтынсары Үмбеталиев бастаған партия мүшелері, Түркістан облыстық мәслихат депутаты Дулат Әбіш халық арасында аты аңызға айналған тарихи маңызы бар «Ғайып Ерен Қырық Шілтен» әулиелі орны аумағын қураған шөптерден тазартты.
Республикалық акцияның маңыздылығын түсіндірген Алтынсары Дүйсенбекұлы тазалық бар жерде береке, тәртіп те бар екенін айтып, акцияға қатысқан азаматтарға алғысын жеткізді.
Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі