«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» : ҚАЗЫҒҰРТТА АУҚЫМДЫ СЕНБІЛІК ӨТТІ

Бүгін Қазығұрт ауданында «Абай атындағы жалпы білім беретін мектеп” қызметкерлері ұйымдастырған «Таза Қазақстан” республикалық бағдарламасы аясында сенбілік өтті.
Тазалық жұмыстарына мектептің барлық қызметкерлері қатысып, білім ошағының ауласына тазалап, спорт алаңдарына сырлау жұмыстарын жүргізді.
Жалпы бағдарламаның мақсаты – қоршаған ортаны таза ұстау арқылы экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Сондай-ақ, тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі