«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: КЕНТАУЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР МЕН ЖАСТАР СЕНБІЛІККЕ ШЫҚТЫ

Кентау қаласында «Таза Қазақстан» акциясы аясында тазалық шаралары жиі ұйымдастырылуда. Сенбіліктер аясында көшеттер отырғызылып, саябақтар мен көшелер тазаланып жатыр. Сондай-ақ, акциясы аясында абаттандыру, көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Осы ретте, Кентау қаласындағы «Жастар саябағында» тазалық шарасы өтіп, саябақ қоқыстан тазартылды. Сенбілікке қаладағы жалынды жастармен бірге ардагерлер де өз үлестерін қосты. Алдағы уақытта сенбілік қаланың басқа аймақтарында да өз жалғасын табатын болады.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасымен елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталған болатын. Бүгінде қаламызда экологиялық мәдениетті қалыптастыру және тұрғындардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін ояту мақсатында сенбіліктер өткізіліп жатыр. Тазалық – саулық кепілі. Біз өскелең ұрпақтың таза жерде, дені сау болып өскенін қалаймыз. Сол себепті әрбір тұрғын өз ауласының айналасын үнемі таза ұстағаны абзал. Барша тұрғындарды сенбіліктерде белсенді қатысуға шақырамын»,- деді қалалық «Ардагерлер кеңесінің» төраға міндетін атқарушы М.Юлдашев
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі