«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ЖАСЫЛАРЫСТЫҚТАР АЙНАЛМА ЖОЛ БОЙЫНА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ

Арыс қаласында «Жасыл Арыс» мекемесінің қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясын қолдап, Арыс-Шардара айналма тас жолының жиектерінде өскен арамшөптерді орып, сенбілік өткізді.
Осылайша көктемде жауған жауынның салдарынан қалың шыққан арамшөптерді тазалау арқылы өрт қауіпсіздігінің алдын алу дейді мекеме ұжымы.
Бүгінде тек айналма жол бойының өзінде 5 200 түп қарағаш жайқалып өскен. Жасыл желектің айналасы шарбақпен қоршалып, әр ағаштың түбіне тамшылатып суғару жүйелері орнатылған.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі