ТІЛ – ХАЛЫҚТЫҢ ЖҮРЕГІ

Әр адам өзінің тілін шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап құлағына сіңіруі тиіс. Себебі, тілін білген адамның ғана бойында патриоттық сезім қалыптасады. Өз тілімен сөйлескен, өз тілімен жазған жұрттың ұлттығы еш уақытта адамы құрымай жоғалмайды. Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тілі. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады. Өз ұлтына басқа жұртты қосамын дегендер әуелі сол жұрттың тілін аздыруға тырысады.

Төлеби жалпы орта  мектебінде  7-17 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасының Тілдер күні мерекесіне арналған «Тіл — халықтың жүрегі» атты тілдер апталығы өтті. Бұл апталықта іс-шаралар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өткізілді. Аталмыш апталық аясында бекітілген жоспар бойынша мектебіміздің тіл мамандары  мен өзін-өзі тану пән мұғалімдері Қазақстан Республикасында тұратын барша халықтың тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін қорғауға және дамытуға бағытталған түрлі іс-шаралардың өтуіне белсене ат салысты. Апталықтың ашылу салтанаты болды. Салтанатты жиын Қазақстан Республикасының Әнұранымен ашылды.Өзін-өзі тану пән мұғалімі Меруерт Усербаева іс-шараның жинақты өтуіне психологиялық ықпал жасады. Жиында сөз алған директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары Мейрамкүл  Сәрсенова  тәуелсіз елдің мемлекеттік тілі мәртебелі де тұрақты болып, өрістеп дамуына үлес қосу-жас жеткіншектердің жауапкершілігінде болатын міндет екендігіне тоқталды. Ана тіліміздің мерейлі мерекесімен құттықтап отырып, Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығымен тұс келгенін және мектебіміздің ұлағатты ұстазы Бақыткүл Қасымова мерейтойға ақынның  керемет өлеңімен келгенін атап өтті және  тіл мамандарына  өз ризашылығын білдірді.   
Шараны пән мұғалімдері Гүлмира Қасымова, Қарлығаш Аманжолова, Гульзор Султанова, Айнұр Джаманкулова, Дина Ахылбекова  дайындаған оқушылардың үш тілдегі әдеби монтажы жалғастырды.
«Тіл мәртебесін ұлықтайық» атты  сурет сайысына 4-6 сынып оқушыларының суреттері іріктеліп алынды , жеңімпаз оқушылар  мақтау қағазымен марапатталды. Пән мұғалімдерінің ұйымдастыруымен « Если дружат люди — дружат языки» атты мерекелік іс-шара 4-8 сынып оқушыларының қатысуымен Ахмет Байтұрсыновтың өлеңдерін үш тілде нақышына келтіре оқып,мұғалімдерде бейнетаспаға жазған өлеңдерін тамашалады. Сонымен қатар үш тілде өлеңдер оқылды.

Ұлы жазушы Мұхтар Әуезов «Ұлттың тілі – сол ұлттың жаны, жан-дүниесі. Ол жүректі соқтыртып тұрған қан тамыры сияқты. Егер де қан тамыры жабылып қалса, жүрек те соғуын тоқтатпай ма?» – деп тура айтқан. Олай болса, тілімізді қадірлей білейік!

Жәмила МЕНЛУБАЕВА,

Төле би жалпы орта мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің жетекшісі.

Түркістан облысы.