ТӨЛЕБИ АУДАН ХАЛҚЫ СЕНБІЛІККЕ ҚАТЫСТЫ
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық науқаны негізінде «Бүкіләлемдік тазалық күні» (World Cleanup Day 2024) аясында Төлеби ауданы аумағында сенбілік өтті.
Тазалық шарасына мекемеге қарасты кәсіпорындар, қоғамдық ұйымдар, тұрғындар ат салысып, тазалықты жанына серік еткендер сенбілікте ерекше белсенділік танытты.
Сенбілік аудандағы 404 көшеде ұйымдастырылып, тұрғындар өз аумағын сыпырып, қоқыстарды арнайы орынға жинады. Жол жиегіндегі қураған шөптер мен жапырақтарды жинап, ағаштың қураған бұталары кесілді . Арық-атыздар, ауданның кіреберіс аймағы, қоғамдық орындар тазаланып, балалар ойын алаңдарының сыртқы қоршауларын сырланды.
Тазалық – табалдырықтан басталады» демекші, қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Ауданның шырайын шұғылалы ету мақсатында биыл да ауданды көріктендіру, көгалдандыру, абаттандыру және санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізу жұмыстары жүйелі түрде атқарылып келеді.
Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі