ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА КӨПҚАБАТТЫ ТОҒЫЗ ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРУДЕ
Төлеби ауданында әр түрлі санаттағы 3 879 азамат тұрғын үй кезегінде тұр. Алдағы уақытта кезекте тұрғандардың саны азая түспек. Себебі, ағымдағы жылы аудан орталығы Ленгір қаласындағы 1-мөлтек ауданда 20 пәтерлі 5 қабатты 9 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Бүгінгі таңда жалпы 9 үйдің іргетасын құю жұмыстары аяқталып, қыш қалау жұмыстары басталып кеткен. Құрылыс жұмыстарын жүргізуге үш мердігер мекеме тартылып отыр. Атап көрсетсек, «АША-А» ЖШС, «A.S.InvestStroi» ЖШС, «Жоғарғы Санат Құрылыс» ЖШС-і. Тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстары 2021 жылға өтпелі. Жұмыстар толығымен 2021 жылдың маусым айына дейін аяқталады деп жоспарлануда.