ТӨТЕНШЕЛІКТЕР ҚОҚЫС ПОЛИГОНДАРЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ҚАҒИДАЛАРЫН ТҮСІНДІРДІ

Сайрам аудандық Төтенше жағдайлар басқармасының мамандары аудан тазалығына жауапты жұмыскерлерге тілсіз жауға төтеп беру бойынша кездесу өткізді.
Аталған іс-шара аясында аудан аумағында қатты тұрмыстық қалдықтарды жинақтайтын қоқыс полигондарының қызметкерлеріне «Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі