ЦИФРЛАНДЫРУ: ИПОТЕКАНЫ ЦИФРЛАНДЫРУ БОЙЫНША БІРІНШІ ОРЫНДАМЫЗ
Қазақстан ипотеканы цифрландыру бойынша үздік 11 елдің рейтингінде бірінші орынға шықты. Зерттеуге сәйкес, Freedom Finance Bank Kazakhstan ипотекалық қарыз алуды 90%-ға цифрландыруға қол жеткізді.
Бұл ретте, Финляндия, Оңтүстік Корея, Швеция, АҚШ сияқты озық елдерде ипотекалық өнімдерді цифрландыру деңгейі 30%-дан сәл ғана асады. Ұлыбританияда-55%.
Бәрін рет-ретімен қарастырайық. БҰҰ-ның 2020 жылғы зерттеуінде оларда электрондық үкіметтің (E-Government Development Index) даму дәрежесі бойынша 193 ел қаралды. Бұл индекс орташа арифметикалық үш көрсеткіштен тұрады: онлайн-қызметтердің кеңдігі мен сапасы, телекоммуникациялық инфрақұрылымның даму деңгейі және адами капиталдың көлемі.
Ең цифрланған мемлекеттер рейтингінде Дания, Оңтүстік Корея, Эстония, Финляндия, Австралия, Швеция, Ұлыбритания, Жаңа Зеландия, АҚШ және Нидерланды көш бастап тұр. Қазақстан 29-орынға жайғасты, бұл ретте ТМД елдері арасында бірінші орынға ие болды.
Ипотекалық қарыз алу процесін цифрландыру деңгейін түсіну үшін жоғарыда аталған елдерде диджитализация бойынша үздік банктер зерттелді. Ипотека алудың келесі кезеңдері қаралып сыналды: өтінім ‒ алдын ала мақұлдау ‒ тұрғын үйді бағалау ‒ шешім ‒ мәмілені рәсімдеу ‒ құжаттарға қол қою ‒ кепілді тіркеу ‒ сол сәтте беру ‒ кейінгі қызмет көрсету. Талдау көрсеткендей, халықаралық мысалдарда онлайн процестер офлайн режимімен біріктірілгенде гибридті сызба қолданылады.
Қазақстандық цифрлық ипотекада сатып алу-сату шартына қол қою үшін нотариуспен кездесу қажет болғаннан басқа барлық кезеңдер цифрландырылған. Бұны Қазақстан заңнамасына сәйкес қашықтан жасауға болмайды. Бірақ соңғы қадаммен де ипотеканы рәсімдеу бір күн уақытты алады. Қағаз құжаттар талап етілмейді — жүйенің өзі оларды мемлекеттік қорлардан жинайды, жылжымайтын мүлікті бағалау онлайн жүргізіледі, кепіл қашықтан тіркеледі, ал электрондық-цифрлық қолтаңбаны осы процесс барысында шығаруға болады.
Жақында бұл өнім Қазақстан мен Ресей премьер-министрлері Асқар Мамин мен Михаил Мишустинге ұсынылды. РФ-да олар осы жылдың желтоқсан айынан бастап эксперименталдық түрде ипотека алуды жеделдетуді жоспарлап отыр.