ЦИФРЛЫ ҚАЛА: 85 ПАЙЫЗДАН АСТАМ ТРАНЗАКЦИЯ ЭЛЕКТРОНДЫ КАРТАМЕН ЖАСАЛДЫ

Шымкент қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқарамасының мәліметінше, 370 786 төлем карта сатылған және 85 пайыздан астам транзакция электронды карта бойынша жасалынған. Оның ішінде 106 100 оқушылар картасы, 30 686 студенттік карта және 234 000 стандартты карта сатылған.

Қоғамдық көлік схемасын жаңаша бағытта дамыту мақсатында, автобус паркі «Yutong» маркалы 300 жаңа метан газымен жүретін автобустармен толығып, жыл соңына дейін 290 жаңа автобус жолаушыларға қызмет етеді.

Сонымен қатар, тұрғындарға тұрақты қызмет көрсетуді жүйелендіру мақсатында, автобус бағыттарын онлайн режимде көруге арналған «I-kolik» мобильдік қосымшасы пайдалануға беріліп, қазіргі таңда 82 000 адам аталмыш бағдарламаны қолдануда.

Айта кетейік, қараша айының соңына дейін «SHYMKENT BUS» тасымалдаушы компаниясы тарапынан 40 «Yutong» маркалы автобус әлеуметтік бағытта қызмет көрсететін болады.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы