ЦИФРЛЫ ҚАЛА: «АҚЫЛДЫ КҮНБАҒЫС» КЕШЕНІН ПАЙДАЛАНУШЫЛАР САНЫ АРТТЫ
Қала тұрғындарына интернет желісін қолжетімді ету жергілікті әкімдіктердің басты міндеттердің бірі. Қалалық цифрландыру басқармасының дерегінше, осы мақсатта 2020 жылы қаладағы 10 қоғамдық орынға 30 «Ақылды күнбағыс» ақпараттық-танымдық кешені орнатылды.
Атап айтқанда, Орталық саябақта – 3, Тәуелсіздік саябағы -6, Металлургтер саябағы – 3, Қошқар ата – 2, Жеңіс саябағы – 3, Дендро саябағы – 3, Абай саябағы – 6, «Ескі қала» Цитадель аумағында – 4.
Қазір 9 айдың есебі бойынша, «Ақылды күнбағыс» кешенін қолданылған қала тұрғындарының саны 250 мыңға жетті. Сонымен қатар, бұл көрсеткішті жоғарылату мақсатында ағымдағы жылы қосымша 10 қоғамдық орындарға 30 «Wi-fi aimaq» модемдері орнатылып, іске қосылды.
Олар, Бәйдібек би ескерткішінің алаңы – 2, Шымкент қаласы әкімшілік ғимаратының артындағы парктің алаңы – 4, Нұрсат аллеясы (Назарбекова-Бәйдібек би көшелер қиылысы) – 2, Фонтан «Тюльпан» — 2, Арбат – 4, Нұрсат №130 мектеп артындағы аллеясы – 2, Наурыз алаңы – 4, Шәмші аллеясы – 2, Дендросаябақ – 6, Қазына саябағы маңында.
Қазіргі таңда, «Wi-fi aimaq» модемдерін тұрақты қолданушылар саны 9000-ға жуықтады. Алдағы уақытта, қала аумағындағы қоғамдық орындарды 100% тегін Wi-fi желісімен қамту мақсатында 4 аудан әкімдігімен талдау жұмыстары жүргізілуде. 2022 жылы қала аумағындағы қоғамдық орындардың барлығын дерлік тегін WI-FI желісімен қамту жұмыстары жоспарлануда. Тиісті жұмыстар іске асырылса қала аумағындағы қоғамдық орындар жоғарғы жылдамдықты интернет желісімен қамтылатын болады.