ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН: ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ «КҮНДЕЛІК» ЭЛЕКТРОНДЫ ЖҮЙЕСІН ҚОЛДАНУДА ҮЗДІК НӘТИЖЕ КӨРСЕТТІ

«Күнделік» электронды ақпараттық жүйесі өткен аптадағы өңірлердің белсенділік көрсеткіштерін жариялады. Оған сәйкес, өткен екі апта қорытындысы бойынша «Күнделік» электронды журналымен жұмыс жүргізуде Шымкент қаласы үздік нәтиже көрсетті.

Шымкент қаласының білім саласы жаңа оқу жылында осындай оң нәтижеге қол жеткізді. Бұл көрсеткіш ұстаздардың білім берудегі белсенділігі мен біліктілігін айқындайды.

Сондай-ақ, белсенділігі жоғары 3 аймақтың қатарында Ақмола, Қостанай және Түркістан облысы бар. 1-ші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша жоғары белсенділік танытқан өңір «Күнделік» компаниясының атынан «Алтын түймеге» ие болады.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі