Түлкібас ауданында тазалық сақтау — басты мәселе

Осылай деген Түлкібас аудан әкімі Н.Ізтілеуов лездемелік мәжілісте жергілікті әкімдер мен бөлімдерге тапсырмалар жүктеді. Аудан аумағындағы санитарлық жағдайы мен күл — қоқыс тастайтын полигондардың қазіргі жағдайы жөнінде бөлімше басшысы Қ.Мұхатов пен бөлім басшысы М.Телғараев баяндады. Баяндамада елді мекендердегі бей берекетсіз жатқан күл қоқыстар, көше жол бойындағы құрылыс материалдары мен орылмаған шөптер, түрлі техникалардың қаңқалары, сырланбаған аялдамалар мен тұрғын үйлер жайлы арнайы сараптама жасап, мәлімдеді. Жиында полигондардағы күл қоқыстарды да дер кезінде тазалау, шөп пен құрылыс материалдарды алып тастау бойынша аудандық полиция бөлімімен бірлесе атқаруды ауылдық округ, кент әкімдеріне жүктеді.
Мәжілісте бөлім басшысы Н.Ештаев аудандағы құрылыс жұмыстары жүріп жатқан нысандардың бүгінгі жағдайын баяндады. Сонымен қатар елді мекендердегі инфрақұрылым жұмыстары да тілге тиек етті. Мәжілісті аудан басшысы Н.Ізтілеуов қорытып, берілген тапсырмалар уақтылы орындалуын тапсырды.