ТҰРАН ШАҒЫНАУДАНЫНДА БИЫЛ 29 ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Шымкент қаласында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде құрылыс басқармасы тарапынан Тұран шағын ауданында биыл 41 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жоспарланған. Ондағы 2768 пәтер 160,2 мың шаршы метрді құрайды. Бүгінгі таңда 29 үйдің құрылысы жүріп жатыр. Ал 12 үйдің құрылысына дайындық жұмыстары басталған.
Тұрғын үйлердің құрылысы «Отау – Строй» ЖШС, «А.Р.Т-Құрылыс» ЖШС, «Корпорация Ақ ордасы» ЖШС, «Корпорация Сити-Строй» ЖШС, «Авторемстрой ЛТД» ЖШС, «СК Реал-Строй» ЖШС, «ПМК-7К» ЖШС, «Hadid» ЖШС және «SHEBERBUILD» ЖШС сияқты бас мердігер мекемелер тарапынан жүргізілуде.
Одан өзге 1080 пәтерлі 20 үйдің жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп, осы жылы құрылысын бастау жоспарда тұрғаны белгілі болды. Жыл соңына дейін 29 үйдің құрылысы аяқталып, 1880 отбасы баспанаға ие болмақ.
Жобаға сәйкес тұрғын үйлер — монолит бетонды, қабырғаларына газоблок материалы қолданылды. Пәтерлер түсқағазбен әрленеді және тұрақты инженерлік жүйелермен қамтамасыз етіледі. Үйлер 9 -12 қабаттан тұрады, 1,2,3 бөлмелі пәтерлер ұсынылады. Орташа ауданы 1 бөлмелі — 40 шаршы метр, 2 бөлмелі — 60 шаршы метр, 3 бөлмелі -75 шаршы метр болады.
Тапсырылатын тұрғын үйлерді «Отбасы банк» АҚ-ы және екінші дәрежелі банктер арқылы «7-20-25» бағдарламасымен алуға болады. Пәтерлердің 1 шаршы метр бағасы бағдарламаға сәйкес 180 мың теңгені құрайды.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі