ТҰРҒЫНДАРМЕН БАЙЛАНЫС – БАСТЫ НАЗАРДА

Шымкент қаласы әкімдігінің ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз брифингінде Еңбекші ауданының әкімі Досбол Есілбек осылай деп мәлімдеді. Жиында ауданда 2021 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысы туралы баяндалды.– Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын үкімет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында аудан әкімдігінің аппаратында Open Space форматында жұмыс істейтін «Ашық әкімдік» кеңсесі құрылған. Онда күнделікті аудан тұрғындары қабылданып, талап-тілектері тіркеледі. Сонымен қатар уақыт үнемдеу мақсатында әлеуметтік желілердегі аудан әкімдігінің аккаунттарында, Whats Upp арқылы да да талап-тілектер қабылданады. Осылайша бір жылда аудан тұрғындарынан 623 сұрақ түсіп, олардың барлығына жауап берілді. Оған қоса I-komek бірыңғай байланыс орталығы арқылы түскен 811 өтініш қанағаттандырылды, – деді Досбол Күздікбайұлы.Аудан әкімінің айтуынша, тұрғындардың 94,4 пайызы ауызсымен қамтылған. Қалған 3,6 пайызына жататын жаңа құрылыстағы учаскелерді ауыз сумен қамту мақсатында жобалық-сметалық құжаттар әзірленді. Электр жарығымен қамтылу көрсеткіші 96,5 пайызды, ал табиғи газбен қамтамасыз ету үлесі 86,4 пайызды құрайды. Коммуналды инфрақұрылыммен қалған абономенттерді қамту мақсатында қазіргі таңда жобалық-сметалық құжаттар әзірленуде.Жалпы, Шымкенттің өндірістік ауданы саналатын Еңбекші ауданының аумағы – 20 660 гектар, 311 мыңнан аса тұрғыны бар. Екі индустриалды аймақ, бір арнайы экономикалық аймақ орналасқан ауданға 19 шағынаудан және Сайрам, Төлеби аудандарынан қосылған 16 тұрғын алабы қарайды.«Шымкент келбеті» – Нұрлан Бектаев