ТУРИЗМ САЛАСЫН ДАМЫТУ МАҚСАТЫНДА КӨРСЕТІЛЕТІН МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ ШАРАСЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ
Елімізде туризм саласын дамыту мақсатында бірқатар бағыттар бойынша мемлекеттік қолдау шаралары көрсетіледі.
Атап айтқанда туристік нысан аумағы мен оған баратын жол бойында орналасқан санитарлық гигиеналық тораптарды күтіп ұстау мақсатында мемлекет тарапынан ай сайын 83 300 теңге көлемінде қолдау шарасы көрсетіледі.
Осыған орай Бәйдібек ауданы әкімдігі тарапынан Ақмешіт үңгірі аумағына заманауи типтегі (модулді) мүгедектерге, ерлер мен әйелдерге арналған жеке кабиналары және қоймасы мен дүкенге арналған орны бар әжетхана орнатылады.
Әжетхана әкімдік тарапынан қызығушылық танытқан кәсіп ашуға ниетті азаматтарға сенімгерлік басқаруға беріледі. Осы арқылы санитарлық гигиеналық тораптарды күтіп ұстағаны үшін, мемлекет тарапынан берілетін ай сайын 83 300 теңге көлемінде қолдау шарасын пайдалана отырып, қосымша дүкен ашып, табыс табуына мүмкіншілігі бар.
Қойылатын талаптар:
1. Санитарлық гигиеналық торапты жеке гигиеналық құралдармен жабдықтау;
2. Заманауи типтегі (модулді) әжетхананың айналасында ағын судың болмауына байланысты, гигеналық санитарлық талапты сақтау мақсатында арнайы су таситын техникамен қамтамасыз ету;
3. Туристік нысанға келуші шет елдік туристерге қызмет көрсету үшін, мемлекеттік тілден бөлек орыс және мүмкіндігінше ағылшын тілін меңгеру шарт;
4. Әжетхананың айналасында қоқысты болдырмау, тазалықты қатаң сақтау;
5. Қосымша дүкенді тиімді пайдалану арқылы өз кәсібін кең көлемде дамытып, табыс табу.
Қызығушылық танытқан жағдайда 8 778 896 10 27 байланыс нөміріне хабарласуға және Шаян ауылы, Шәкәрім көшесі №1А мекен жайында орналасқан Бәйдібек аудандық әсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімінен толық ақпарат алуға болады.