ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ АҚСАҚАЛЫ АТАНҒАН ЕЛБАСЫ
Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тек қазақ елін ғана емес, алыс жақын шет елдерді де тәнті еткен жаңа заманның көрнекті де мықты саяси қайраткерлердің бірі. Аз уақыттың ішінде қазақ елін бүкіл дүние жүзіне танытын, «Қазақстан» деген елдің бар екеніне саяси тұрғыда паш етіп, қазақ елінің қонақжайлығын, кең байтақ жерінің қандай көркем екендігін, ұлттық рух, салт-дәстүрімізді көрсетіп, қазақ елінің абыройын асқақтатып, көк туымызды көкке көтеріп, әнұранымызды әуелете шырқата білді. Қарапайым шахтыда қызмет етіп, елдің жүгін қасқая көтеріп, ел алдындағы жауапты басшылық қызметін абыроймен атқара білген, елі үшін аянбай еңбек етуінің арқасында, елдің сүйіспеншілігіне бөленіп «Елбасы» атанған Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атамыздың қазақ елі үшін жасаған жақсылықтарын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Елбасы президент болған шақта қазақ елі қарыштап өсіп, дами түсті десек қате айтқанымыз емес. Сексен жастан асқан Елбасының қазақ елі үшін әлі берері, көрсетер көшбасшылық қасиеттері өте көп деп сеніммен айта аламыз. Елбасыны қазіргі замманның Абылай ханы десек те болады, өйткені, Назарбаев атамыздың қазақ үшін жасаған дүниелері Абылай ханның жасаған басшылығымен бірдей деп айта аламыз. Шет елдермен жасаған келіссөздері, қоңыражай орнатқан қарым-қатынастары барлығы дерлік қазақ елінің дамуына өз септігін тигізіп отырғаны сөзсіз.
Әзірбайжан мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастарды дамытуға қосқан айтарлықтай үлесі үшін ӘР президенті Ильхам Әлиевтің Жарлығы бойынша Елбасымыз «Гейдар Әлиев» орденімен марапатталып, ел абыройын асқақтата түсті. Әзірбайжан жерінде, бауырлас елге, Тұңғыш Президент – Елбасына деген ықылас әрдайым зор. Сондықтан Әзірбайжан халқы оны құрметпен Түркі әлемінің Ақсақалы деп атайды… Сондай-ақ, Туркия елінің президенті Ердоған Елбасымызды 2015 жылы, 16 сәуірде «Түркі әлемінің ақсақалы» деп атаған болатын. Осылайша түркі тілдес елдердің достық қарым-қатынастарын нығайтуға қосқан зор үлесі үшін Елбасымыз «Түркі әлемінің ақсақалы» атанып отыр.
Есімі алтын әріптермен жазылып, халқымыздың, әлем жұртының сүйіспеншілігіне бөленіп жүрген Назарбаев Әбішұлы Назарбаев расында да біртуар тарихи тұлға екені даусыз. Өзінің біліктілігімен, білімділігімен көзге түсіп, ел алдында, халық алдында тіпті шет ел басшылары мен қарапайым халқына дейін тәнті еткен ол — біздің Елбасымыз. Елбасымызбен мақтанамыз, Ел мерейін үстем етіп, бар әлемге паш еткен Елбасы, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атамызға амандық, саулық тілей отырып қазағымның ақ патшасы ретінде, қазақ елінің көшбасшы ақсақалы ретінде жол бастап, ғұмырыңыз ұзақ болып, жүз жасаңыз дегіміз келеді!
Ж.ЫСҚАҚОВА