ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДА ЕРІКТІ ЖАСТАР СУ СОРУ ЖҰМЫСТАРЫНА КӨМЕКТЕСУДЕ
Мақтаарал ауданында толассыз жаңбыр жауып жатқанына 2 аптадан астам уақыт болды. Қазіргі таңда көптеген үйлердің аулалары мен елдімекендердің көшелерін су басу жағдайлары орын алған.
Осыған байланысты жергілікті мемлекеттік органдар мен облыстық және аудандық төтенше жағдайлар қызметі күндіз-түні мотопомпалар арқылы су сору жұмыстарымен айналысуда. Ауданынның «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің бастамасымен ауданның еріктілері де су сору жұмыстарына тынбай қолғабыс жасауда. Олар мотопомпаларды тасу, оның жұмысын ұйымдастыру, арық-атыздарды тазалау сынды кезек күттірмейтін жұмыстарды белсенділікпен істеуде.
Мақтаарал аграрлық колледжінің «Азамат» еріктілер тобы бастаған қайырымдылық эстафетасы кенттер мен округтерде толықтай қолдау туып, жастар тарапынан 300-ге жуық ерікті қолдарына күрек алды. Еріктілер жасағы күндізгі және түнгі кезек бойынша жұмыстарды бөлісіп істеуде.