ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА БАС ИМАМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

үркістан облысына бас имам болып Еркебұлан Қарақұлов тағайындалды. Түркістандық жамағатқа жаңа бас имамды ҚМДБ Төрағасының орынбасары Ершат Оңғаров таныстырды.
Еркебұлан Қарақұлов Шымкент қаласында туған. 1998 ж. «әл-Азхар» университеті (Мысыр), теология негіздері факультетінде білім алған. 2008 ж. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де білімін шыңдаған. Философия және саясаттану факультетінің магистрі, дінтанушы.
Еңбек жолын 2005 жылы «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» Алматы қаласы орталық мешітінің ұстазы болып бастаған. Әр жылдары Алматы, ОҚО мешіттерінде қызмет атқарған. БҚО мешітінің бас имамы болған. Бұған дейін Шымкент қаласы бас имамының орынбасары болған. «Құран оқып үйренейік», «Намаз оқып үйренейік», «Ислам ғылымхалы» діни әдебиеттердің соавторы.
Бұған дейін облыстың бас имамы қызметін атқарған Мұсабек Ақтамберді Шымкент қалалық орталық мешітіне ауысты.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі