ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА «HAYAT-VAX» ВАКЦИНАСЫНЫҢ 17 МЫҢ ДОЗАСЫ ЖЕТКІЗІЛДІ

Түркістан облысында коронавирусқа қарсы вакцина салдыру пункттерінің саны артты.
Жалпы 1 ақпаннан облысқа COVID-19 індетіне қарсы вакцинаның 177 100 дозасы жеткізілген. Енді тағы «Hayat-Vax» вакцинасының 17 мың дозасы келді. Сонымен қатар, мамыр айының соңына дейін «Hayat-Vax» вакцинасының 55 000 және «Спутник-V» вакцинасының 29 305 доза күтілуде.
Мемлекеттік ПТР зертханаларының саны 3 бірліктен 10 бірлікке дейін жеткізілді. Жалпы облыста пандемия белең алағалы 695 281 ПТР- сынамалары алынған. Ал, соңғы тәулікте зертханаларда 2239 адам тексерілді. Облыс бойынша 1200 инфекциялық және 300 карантиндік және 188 реанимациялық төсек-орын ұйымдастырылған.