ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНАНЫҢ 10 МЫҢҒА ЖУЫҚ ДОЗАСЫ ЖЕТКІЗІЛЕДІ

Короновирустық инфекцияға қарсы вакцинация жалғасын табуда. «Гам-КОВИД Вак» препаратының тағы 1300 дозасы Түркістан облысына жеткізілді. Медицина қызметкерлері «Спутник V» коронавирусына қарсы вакцинаның екінші рет қабылдауда. Өңірде мұндай мамандандырылған мекемелердің 20 нүктесі ашылған.
Бұдан басқа, «Гам-КОВИД Вак» вакцинасының тағы 8600 дозасын жеткізу жоспарланған. Бұл екі компонентті препарат, 21 күн аралығымен кезең-кезеңімен енгізуді қамтитын вакцинация. Екінші доза біріншісінің әсерін күшейтеді және бекітеді, адам ағзасындағы антиденелер саны артады. Осылайша, бір адамды иммундау үшін екі рет егу қажет. Ресми мәліметтерге сәйкес, Түркістан облысында 1300 медицина қызметкері COVID-19-ға қарсы егілді.
Соңғы тәулікте коронавирустық инфекцияның 4 жағдайы тіркелді. Тәулігіне өсім 0.09% құрайды. Пандемия басталғалы барлығы КВИ-дің 4244 жағдайы тіркелді, оның 2723 симптомсыз өтті. Стационарларда 1674 адам емделді. Жұқпалы аурулар ауруханаларында барлығы 610 орын бар, олардың 516 –сы бос.
1 ақпанда Қазақстанда халықты ерікті түрде кезең-кезеңмен вакцинациялау науқаны басталғаны белгілі. Егуді тек ҚР кәмелетке толған азаматтары ғана ала алады. Түркістан облысында КВИ-ға қарсы вакцинация 2021 жылдың соңына дейін жалғасады. Және бұл халықтың 45-50% — ын қамтиды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі