ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 2 ҚАРАШАДАН БАСТАП ЖАМАҒАТ НАМАЗДАРЫ МЕШІТТЕРДЕ ОҚЫЛА БАСТАЙДЫ
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ел аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның (ВАК) селекторлық отырысы өткен болатын. Онда комиссия мешіт жұмысына қатысты шешім қабылдады.
Қабылданған шешім бойынша ағымдағы жылдың 2 қарашасынан бастап (жұма намазын қоспағанда) мешіттерде ұжымдық намаз (бес уақыт намаз) өткізуге рұқсат берілді. Алайда мешітте 100 адамнан артық кісі болмауы керек. Сондай-ақ, адамдар бетперделік режиммен 2 метр әлеуметтік арақашықтықты сақтаулары қажет. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мешітке келуші жамағатты санитарлық-дезинфекциялық режимді қатаң сақтауға шақырады.
Түркістан облысы бойының бас имамы Мұсабек Ақтамберді карантин жағдайына байланысты әзірше жұма намазы оқылмайтынын хабарлайды. Бұдан өзге, мешіт қызметкерлері мен келушілер міндетті түрде бетпердемен жүруі міндетті. Барлық мешіттердің намаз оқитын, құран оқитын бөлмелерінде антисептикалық құралдармен қамтамасыз етіледі. Мешітке жеке құлшылыққа келген азаматтардың мешітте ұзақ уақыт болмауы керек. Мешіт дәретханалары карантин режимі аяқталғанша жабық тұратын болады.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі