Түркістан облысында туристік саланың қарқынды дамуы

Түркістан облысы тарихи және мәдени мұраға бай және ашық аспан астындағы өзіндік мұражай болып табылады. Облыс аумағында 1780 тарих және мәдениет ескерткіші, оның ішінде 1 халықаралық маңызы бар объект (Қ.А.Ясауи кесенесі), 40 республикалық маңызы бар ескерткіш, 403 жергілікті маңызы бар ескерткіш және 1336 объект туризм нысандары бар.

Сондай-ақ, облыста туристтерге арналған 220 орналастыру орындары бар. Олар: қонақ үйлер, хостелдер, демалыс аймақтары, балалар лагерлері және 72 санаториялық-курорттық ұйымдар да жұмыс істейді.

Бұдан басқа, облыс аумағында 4 ерекше қорғалатын табиғи объекттер орналасқан. Олар: ЮНЕСКО биосфералық объектілерінің тізіліміне енгізілген «Ақсу-Жабағылы» және «Қаратау» қорықтары, сондай-ақ «Сайрам-Өгем» ұлттық табиғи паркі және «Сырдария-Түркістан» өңірлік табиғи паркі де туристтерге қызметтер көрстеді.

2023 жылдың қорытындысы бойынша Түркістан облысына келген туристтер саны 562,8 мың адамды құрады  Ал, 2022 ж. — 470,9 мың адам келген. Оның ішінде, орналастыру орындарымен 272,9 мың адамдарға қызмет көрсетілгендер . Ал, 2022 ж. – 253,4 мың адамға қызметтер көрсетілген. Табиғи аумақтар келушілер саны – 126,6 мың адамдарды құраса, 2022 жылы – 74,9 мың адамды құраған. Емдік-сауықтыру орындарында демалғандар – 163,2 мың адам болса, 2022 жылы – 142,4 мың адам демалған.

2023 жылдың қорытындысымен орналастыру орындарымен көрсетілген қызметтер көлемі 5,58 млрд.тг-ні құраса, 2022 жылы – 5,0 млрд.теңгені құраған.

Бұдан бөлек, 2024 жылдың 4 ай қорытындысымен өңірге біркүндік келушілер саны 258 331 мың.адамды құраған. Оның ішнде, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі – 190,121 мың адам, «Отырар» мемлекеттік археологиялық қорық-музейі  – 680,210 мың адам.

Инвестициялар

Ресми статистикалық деректерге сәйкес, 2024 жылдың 4 ай қорытындысымен туризм саласындағы негізгі капиталға тартылған инвестициялар көлемі 10.6 млрд.тг-ні құрады.

2024 жылы жалпы туризм саласы бойынша облыс аумағында жалпы соммасы 20,18 млрд. теңгені құрайтын 27 туристік инвестициялық жоба жүзеге асыру жоспарлануда.

Атап айтқанда, «Lords Heir» қонақ үйі, «Khan Palace 2» қонақ үйі, «Yassy Hall and Apartments» қонақ үйі, «Болашақ құрылыс» ЖШС-нің демалыс аймағы және т.б. нысандар ағымдағы жылдың соңына дейін іске асыру жоспарланған.

Айта кету керек, 2023 жылы облыстың туризм саласына  53,5 млрд.теңге инвестиция тартылды.

Инфрақұрылымдық жобалар

2023 жылы инфрақұрылымды жақсарту мақсатында туристік нысандарға барар жолдарды жөндеу бойынша жалпы соммасы 10,6 млрд.тг-ні құрайтын 7 жоба іске асырылды.

Оның ішінде, Түркістан-Қарнақ бағытындағы және Самара-Шымкент жолдар жөндеуден өткен.

Аталған бағытта биылғы жылы жалпы соммасы 17,6 млрд.тг-ні құрайтын 19 жоба жүзеге асыру көзделуде. Оның ішінде, Түркістан-Арыстанбаб және Сауран қалашығына құрылыс алаңын орнату секілді жобалар қамтылған. Жобалардың аяқталуы мерзімі 2024-2025 жылдарға жоспарланған.

Емдік сауықтыру туризмі

Түркістан облысы республиканың сауықтыру туризмі дамыған өңірлерінің бірі болып табылады.

Қазіргі уақытта облыс аумағында 75 емдеу-сауықтыру орны жұмыс істейді. Емдік-сауықтыру ұйымдарының нөмірлік қоры 12 622 төсек-орынды құрайды. 2023 жылдың қорытындысы бойынша облыс аумағындағы емдік-сауықтыру орындарында 163.8 мың адамға қызмет көрсетілді, бұл көрсеткіш 2022 жылмен салыстырғанда 115,0% — ға өсті (142,4 мың адам).

Айта кету керек, Түркістан облысындағы емдік-сауықтыру туризмі әлеуетінің басым бөлігі Сарыағаш ауданы Көктерек ауылында орналасқан. Облыс аумағындағы 75 емдік-сауықтыру орнының 51-і немесе 68,0% Көктерек кентінде жұмыс істейді. Жыл сайын елді мекендегі емдік-сауықтыру ұйымдарының саны өсуде. 2023-2025 жылдар аралығында 8,0 млрд.теңге

Жыл сайын елді мекендегі емдік-сауықтыру ұйымдарының саны өсуде. 2023-2025 жылдар аралығында 7,5 млрд.теңге құрайтын 6 емдеу-сауықтыру ұйымының құрылысы жүргізілуде.

Экологиялық туризм

Соңғы жылдары экологиялық туризм бүкіл әлемде трендқа айналған. Өңірімізде де экологиялық туризм қарқынды дамып келеді. Айтар болсақ, 2024 жылдың 4 ай қорытындысымен табиғи аумақтар келушілер саны 6,3 мың адамды құраған. Ал, 2022 ж – 74,9 мың, 2023 ж – 126,6 мың адам келген.

Қазіргі таңда, облыс бойынша табиғи аумақтарда және оған іргелес Төлеби, Түлкібас аудандарында 99 демалыс орны, 62 қонақ үй, 12 шипажай, 6 киіз үй, 1 аңшылар үйі орналасқан.

Қазіргі таңда, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда туристік-рекреациялық мақсатта 30 туристік соқпақтар мен маршруттар құрылған. Олар «Сайрам-Өгем» – 11, «Қаратау» – 2, «Ақсу-Жабағылы» – 10, «Сырдария-Түркістан» – 7.

        «Қаратау» мемлекеттік табиғи қорығында эколгиялық туризмді дамыту мақсатында 22,0 га жер телімі қарастырылған. Аталған аумақта 2 туристік маршрут құрылған. Маршруттың жалпы ұзыдығы – 44 шақырым. Маршрут бойында 14 ақпараттық стенд, 16 жол көрсеткіш, 9 орындық, 10 қоқыс орны, 4 әжетхана, 1 шолу алаңы жабдықталған.

«Сайрам-Өгем» МҰТП аумағының 11,7 % немесе 17519 га жер телімі рекреациялық және туристік қызмет аймағы болып саналады. Аталған аумақта келушілерге арнап 11 туристік соқпақ ұйымдастырылған. Қазіргі таңда, парк аумағындағы жалпы ауданы 343,2 га 29 жер телімі туристік және рекреациялық мақсатта пайдалануға берілген. Жер пайдаланушылар есебінен парк аумағында 6 демалыс үйі, 1 аңшылар үйі, 2 киіз үй жұмыс атқарады.

Маркетинг

Медиа алаңдар мен әлеуметтік желілерде Түркістан облысының туристік әлеуеті жайлы ақпараттық жұмысты күшейтіп, жан-жақты материалдар таратылуда.

Instagram, Facebook, TikTok және Telegram-да түрлі сапалы роликтер, креативті қысқа reels видеолар  салынды. Жыл басынан бері жасалған талдауға сәйкес видеолардың жалпы қаралымы 10 млн-ға жуықтаған.

Күнделікті қызықты ақпараттар, хабарландырулар мен туристік маршруттар жөнінде посттар жариялануда. Олар пабликтер мен оқырмандардың парақшаларына таралуда.

Республикалық және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында 200-ден астам материалдар жарық көрді. Осы орайда, жыл соңына дейін 30-дан астам оқиғалық
іс-шаралар
ұйымдастырылып өткізу жоспарлануда. Түркістанға келетін халықаралық әуе рейстерінің санын арттыру мақсатында Венгрияның «Wizz Air» авиакомпаниясымен «Түркістан – Әбу-Даби (БАӘ)» әуе бағыты бойынша рейстерді іске қосу бойынша жұмыстар жүргізілген.

Рейстер аптасына 2 реттік жиілікпен А-321 заманауи ұшақтарымен орындалды. Қазіргі таңда, әуекомпанияның сұрауы бойынша облыстың туристік әлеуетін ілгерілету мақсатында 2024 жылға 60 млн.тг қаржы қаралды.

Алғашқы рейс 2024 жылдың 16 қаңтарында жүзеге асырылды. Қазіргі таңда, рейске билеттер сатылымы әуекомпанияның ресми сайтына шығарылған.

Ағымдағы жылдың 5-7 наурыз күндері Германия Федеративтік Республикасы  Берлин қаласындағы халықаралық көрмеде Түркістан облысының туристік әлеуеті таныстырылып, 18 наурызда «Түркістан — Түркі әлемінің туристік астанасы» туристік маусымының ашылу салтанаты өткізілді. Іс-шара аясында қала тұрғындары мен қонақтарына қол күресі, гір тасын көтеру, кеуде тартылысы сынды ұлттық спорттық ойындар мен қызықты байқаулар ұйымдастырылған.

Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 22-24 наурыз аралығында Орталық Азия елдері арасындағы туризм ынтымақтастығын жандандыру мақсатында Самарқанд қаласында  роуд-шоу ұйымдастырылып, Түркістан облысының туристік әлеуеті таныстырылды.

Түркістан облысының делегациясы «2024 жыл Қазақстанның Қытайдағы туризм жылы» аясында ағымдағы жылдың 28-29 наурыз аралығында Бейжің қаласында Қытайдағы Қазақстанның туризмі жылының ресми ашылуы іс-шарасына қатысып, өңірімізге туристерді тарту бойынша екі елдің туристік операторлары байланыс орнатты.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 30 наурыз күні «Наурыз fest» мерекелік концерттік бағдарламасы ұйымдастырылып, өңіріміздің тарихын, мәдениетін және туристік әлеуетін кеңінен таныстырылды және қатысушыларға облыстың туризм бағытын қамтыған жарнамалық-үлестірме құралдары, брендтік өнімдері ұсынылды.

2024 жылдың 24-26 сәуір күндері аралығында Алматы қаласында өткен «KITF — 2024» Қазақстандық халықаралық туристік көрмесінде Түркістан облысының туристік әлеуеті таныстырылды.

Бұдан бөлек, ағымдағы жылдың 14 мамыр күні Ұлыбритания елінен келген 9 жетекші туристік операторларға Түркістан облысының туристік нысандары бойынша ақпарат тур ұйымдастырылып өткізілді.

Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 15-16 мамыр күндері Италия елінің БАҚ өкілдері және туристік операторларына облыстың туристік нысандары бойынша ақпарат тур ұйымдастырылып өткізілді.

Санитарық гигиеналық тораптар

Түркістан облысы бойынша республикалық маңызы бар автомбиль жолдары бойында жер телімдерінде 115 жол сервис нысаны және демалыс алаңдарындағы 8 санитарлық гигиеналық торап орналасқан, сондай ақ жеке инвесторлар тарапынан 2024 жылы  Ордабасы ауданы 2, Бәйдібек ауданы 1, Төле би ауданы 1, Қазығұрт ауданы 1 санитарлық гигиеналық торап салу жоспарлануда. 

Сонымен қатар, Бәйдібек ауданында жергілікті бюджет есебінен 4 санитарлық-гигиеналық торап орнатылуда (Ақмешіт 2 , Домалақ ана 1, Бәйдібек ата 1).

Түркістан облысы бойынша Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында 24 демалыс алаңы бар, олардың қарқындылығы тәулігіне 3700-ден астам автокөлікті құрайды,
сондай – ақ 5 жыл мерзімге инвесторлармен ағымдағы жылдың соңына дейін санитарлық-гигиеналық тораптарды орнату үшін 5 (бес) жауапты сақтау келісімшартын жасасу жоспарланған.

Мемлекеттік қолдау шаралары

2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап туризм саласындағы кәсіпкерлік субъектілерді 7 мемлекеттік қолдау шаралары қабылданған.

Оның ішінде, 4 мемлекеттік қолдау шарасын жергілікті әкімдікпен жүзеге асырылады. Олар:

  • Туристік қызмет объектілерінің құрылысын субсидиялау (10%);
  • Жол бойындағы сервис объектілерінің құрылысын субсидиялау (10%);
  • Санитарлық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстауды субсидиялау (ай сайын 83 300 тг);
  • Туристік қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне көлік құралдарын (сыйымдылығы жүргiзушiнiң орнын қоспағанда, сегiз орнынан асатын автомобиль) сатып алуын субсидиялау (25%);
  • Мемлекеттік қолдау шаралары бойынша түскен өтінімдер:
  • 2022 ж. – 1 өтінім (СГТ, өтінімге бас тартылған);
  • 2023 ж. – 22 өтінім. Оның ішінде, тур.нысан – 13, транспорт – 4, СГТ – 4, ЖСО – 1 (оң шешім алғандар
    СГТ – 3 (2,4 млн.тг), тур.нысан – 2 (35,9 млн.тг), жол бойындағы сервис – 1 (12,0 млн.тг).
  • 2024 ж. – 22 өтінім. Оның ішінде, тур.нысан – 14, СГТ – 4, жол бойындағы сервис – 3, транспорт — 2 (оң шешім алғандар жалпы саны – 12, оның ішінде: тур.нысан – 8 (429,2  млн.тг), СГТ – 3 (3,25 млн.тг), жол бойындағы сервис – 1 (46,7 млн. тг.)