ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 481,3 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ӨНЕРКӘСІП ӨНІМІ ӨНДІРІЛДІ

Түркістан облысында осы жылдың 11 айында 481,3 млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілді. Өнім көлемінің 41,6% үлесін тау-кен өндіру саласы құрады. Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны баптауда 38,2 млрд. теңгенің, сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылауда 5,9 млрд. теңгенің өнімі өндірілген. Аса маңызды өнімдердің ішінде 270,4 мың тонна мұнай өнімдері, 64,1 мың тонна мақта талшығы өндіріліп, 137,0% -ға артқан. Электр қуаты 43,8%-ға (678,9 млн. кВт/сағ.) артты.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 688 млрд. теңгені құрап, осы көрсеткішпен облыс республика бойынша алғашқы үштіктен орын алды. Оның ішінде өсімдік шаруашылығы 414,9 млрд. теңгені, мал шаруашылығы 269,8 млрд. теңгені құрады.
Облыстың барлық шаруашылық санаттарында 207,9 мың тонна ет, 701 мың тонна сүт, 201 млн. дана жұмыртқа өндірілді. Ірі қара мал саны – 1 011,9 мың басты, немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне – 105,4%, қой мен ешкі – 4 447,6 мың басты, немесе 104,0%, жылқы – 340,4 мың басты, немесе 107,1%, түйе – 33,1 мың басты, немесе 115,1% құрады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі