ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 77 МЫҢҒА ЖУЫҚ ОҚУШЫҒА АТТЕСТАТ ТАПСЫРЫЛДЫ

Бүгін Түркістан облысының барлық білім беру ұйымдарында оқушыларға аттестаттар табысталды. Мектеп директорлары бітіруші түлектерге сәттілік тіледі. Ал түлектер ұстаздарына алғыс айтып, білім алған алтын ұяларымен қоштасты.
Жалпы 2023-2024 оқу жылында облыстағы мектептерде 31 210 оқушы бітіріп, оның 27 340-ы Ұлттық бірыңғай тестілеуде бағын сынауда. Сондай-ақ, облыста биыл 9 сыныпты бітірген 45 713 оқушыға аттестат берілді. Оның ішінде «Үздік аттестатқа» — 4 367 оқушы қол жеткізді. Ал 11 сыныпты 31 210 оқушы аяқтап, аттестат алды. Осылайша 2023-2024 оқу жылында Түркістан облысында 9 және 11 сынып түлектерін қосқанда 77 мыңға жуық оқушыға аттестат тапсырылды.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі