ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АЗЫҚ-ТҮЛІК ЖӘРМЕҢКЕЛЕРІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУДА

Түркістан облысындағы барлық аудан орталықтарында референдум күні жәрмеңкелер ұйымдастырылуда. Тұрғындар азық-түлік өнімдері мен көкөністерді нарықтық бағадан 15-20% төмен бағада сатып алып жатыр. Өңір шаруалары өз өнімдерін жұртшылыққа арзан бағада ұсынып, ел алғысына бөленуде.
Айта кетейік, дауыс беру — азаматтардың тұрғылықты жері бойынша референдум учаскелерінде өтеді. Учаскелер 07:00-ден 20:00-ге дейін ашық болады. Азаматтар жеке куәлігін не төлқұжатын көрсету арқылы дауыс бере алады.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі