ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦЕЙЛЕРІ ТЕРРАКТІЛЕРДЕН ҚОРҒАУ ЖҰМЫСТАРЫН КҮШЕЙТТІ
Сарапшылар терроризмге қарсы қауіпсіздікті реттеу бойынша бейнеконференция өткізді. Атап айтқанда, террористік тұрғыдан осал объектілер туралы сөз болды. ГБР қызметкерлерімен ақпараттық-түсіндіру жұмысы заңнаманың өзгерістері, толықтырулары мен талаптарын объектілердің басшылары мен меншік иелеріне жеткізуге бағытталды.
Қатысушылар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл бойынша өзгерістер енгізу туралы» Заңға қол қойылғанын атап өтті. Бұдан басқа, террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын реттеу бөлігінде өзгерістер енгізілді.
2020 жылғы 14 қарашада Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 29 шілдедегі бұйрығы заңды күшіне енді. Осы бұйрыққа сәйкес одан әрі тексеру парағынсыз, бірақ бейінді техникалық регламенттер негізінде ТТО объектілерін тексеру жүзеге асырылатын болады.
Қаулыда ТТО объектілерінің күзетілуін қамтамасыз ететін адамдардың(күзет құрылымдарының, қарауылдардың, жауынгерлік ауысымның) мәртебесі нақтыланды, объектілердің паспортын әзірлеу кезінде олардың ерекшеліктері ескерілді, Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің әскери бөлімдері мен мекемелері, басқа әскерлері мен әскери құрамалары ТТО объектілерінің, осы салада мемлекеттік бақылауға жатпайтын арнайы мемлекеттік органдар (ҰҚК, МКҚ) объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуы паспортын келісу қажеттілігі туралы норма алынды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі