ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАСТАРЫ ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫН ТАЗАЛЫҚҚА ШАҚЫРАДЫ
Бүгін 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні қарсаңында облыс жастары «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Қожа Ахмет Ясауи кесенесі маңында тазалық жұмыстарын өткізді.
Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері тазалық жұмыстарына белсенді қатысып, кесене маңына, тарихи-мәдени объектілердің аумағына сенбілік жүргізілді.
Тазалықты сақтау, оған айрықша мән беру – әрбір адамның туған жеріне деген жанашырлықты қажет етеді. Әсіресе, киелі орындар мен саябақтардың, қала көшелерінің тазалығын сақтау өте маңызды шаруа екені айтпаса да түсінікті. Табиғатты аялау, қоршаған орта тазалығын сақтау – бүгінгі күннің басты талабы мен баршаға ортақ іс.
Жастар қала тұрғындары мен қонақтарына елімізді таза ұстау, қаланың сәнін келтіру, оны көрікті ету жергілікті атқарушы биліктің ғана міндеті емес, оған тұрғын ретінде баршамыз атсалысумыз қажет екенін жеткізді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі