ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА ОРТАҚ ЖАЙЫЛЫМДЫҚ ЖЕРДІҢ ҮЛЕСІ АРТА ТҮСТІ
ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА ОРТАҚ ЖАЙЫЛЫМДЫҚ ЖЕРДІҢ ҮЛЕСІ АРТА ТҮСТІ
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жекелеген елді мекендердің ортақ жайылымын ұлғайту жөніндегі тапсырмасына сәйкес Түркістан облысында жүйелі жұмыс атқарылып келеді. Ордабасы ауданы әкімдігі мен Ордабасы ауданы прокуратурасы бірлесе отырып, аудан көлеміндегі Бадам, Бөржар, Қажымұқан, Жеңіс, Қараспан, Төрткөл ауыл округтеріндегі елді мекендердің іргесінде орналасқан жалпы көлемі 4515,61 гектар жайылымдық жер учаскелерін пайдаланушы 20 жеке және заңды тұлғаның жайылымдық жер учаскелері анықтады.
Аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі тарапынан жер иеленушілермен келіссөздер жүргізу нәтижесінде жалпы көлемі 490 гектар жайылымдық жер учаскесі Ордабасы ауданы әкімдігінің қаулысымен ауданның арнайы жер қорына қайтарылды. Сонымен қатар қосымша келіссөздер арқылы 3 жер пайдаланушының 512,84 гектар жері де қайтарылады деп жоспарлануда. Игі іске қолдау білдіріп, өз еркімен 330 гектар жерді қайтаруға ниет білдірген 2 жер иеленушінің өтініші де қаралып, жайылым жер ұлғаймақ. Нәтижесінде ауданның арнайы жер қорына қайтарылған жайылымдық жер учаскелері, аудан көлеміндегі жекелеген елді мекендердің ортақ жайылымына, тұрғылықты ауыл округі әкімі аппаратының теңгеріміне түпкілікті бекітіліп берілетін болады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі