ТҮРКІСТАН: РЕФЕРЕНДУМДА ОРДАБАСЫЛЫҚ 90 ЖАСТАҒЫ ҚАРИЯ ДАУЫС БЕРДІ

Ордабасы ауданында саяси науқанды өткізу мақсатында 53 дауыс беру учаскесі құрылған. Олардың барлығында дауыс берушілерге толық жағдай жасалған. Ордабасы ауданы, Шұбар ауылдық округінің тұрғыны 90 жастан асқан қария Өмірәлі Өтегенұлы №477 дауыс беру учаскесінде өз таңдауын жасап, ел жастарына батасын берді.
«Елімізде болып жатқан маңызды саяси науқанға бей-жай қарамай, өз таңдауымды жасадым. Себебі, әр азаматтың дауысы маңызды. Жаңа Қазақстанды құру – баршамызға ортақ міндет. Бүгінгі айтулы шара — ел болашағына әсер ететін маңызды шешім. Менің жасым 90-да болса да ешқашан саяси оқиғалардан тыс қалған емеспін. Дауыс беруге әр азаматтың баруы міндетті деп есептеймін», — дейді қария.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі