ТҮРКІСТАН: САЙРАМДЫҚ ОҚУШЫЛАР ВОЛЕЙБОЛДАН ЕЛ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

Семей қаласында 5-6 сынып оқушылары арасында волейболдан ел чемпионаты өз мәресіне жетті. ҚР Оқу-ағарту министрлігі жанындағы «Ұлттық-ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» РМКК-нің ұйымдастыруымен өткен сайыстарға еліміздің түкпір-түкпірінен үздік жас волейболшылар қатысты.
Ел біріншілігінде Сайрам аудандық білім бөліміне қарасты №96 жалпы білім беретін мектебінің оқушылары да өз бақтарын сынады. Кіл мықтылар бақ сынасқан жарыста сайрамдық бұрымдылар 1-орынды иемденіп, алтын медаль алды.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі